Шу аудандық Мәдениет үйінің мақтаныштары мен жетістіктері

0

2014 жылы Шу аудандық мәдениет үйінің «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Тараз қаласында өткен, Жамбыл облысының 75 жылдығы аясында II-Халықаралық «Қаратау сарыны-2014» фестивалінде Облыстық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер байқауында үздік өнер көрсетіп, I -орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

2015 жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша Шу ауданының мәдениет саласына облыс әкімінің шешімімен бас жүлдені жеңіп,  Газель  автокөлігін  сыйға  алды.

2015 жылы 3-13 маусым күндері Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен 2015 жылы 5-10 маусым күндері Дагестан Республикасының Махачкала қаласында өткен «Каспий-берега Дружбы» атты ІІІ-Халықаралық фестивальге  Шу аудандық мәдениет үйінен «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі қатысып қайтты. 

8 қазан күні сағат 1600-де Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үлкен мерекелік той өткізілді. Бұл іс-шараға аудандық мәдениет үйінің фольклорлық тобы  бастаған өнерпаздары «Ұлан» стадионындағы сахнада мерекелік концерт берді.

«Ең үздік мәдениет үйі, ауылдық клуб» облыстық байқаулары бойынша:

1.     2005 жылы – Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйі- I орын, музыкалық аппаратура

2.     2006 жылы – Бәйдібек ауылдық клубы – фотоаппарат

3.     2007 жылы – Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйі – I орын,  музыкалық аппаратура

4.     2009 жылы – Көкқайнар ауылдық мәдениет үйі – III орын, телевизор

5.     2010 жылы – Көктөбе ауылдық мәдениет үйі аппаратура  –  I орын,

6.     музыкалық  аппаратура

7.     2011 жылы-Аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлмесі  облыстық байқауда бас жүлдеге ие болып Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының дипломымен марапатталып, түрлі-түсті принтерді сыйға алды.

8.     2014 жылы-Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйі- бас жүлде, музыкалық  аппаратура;
    2014 жылы-Сауытбек  ауылдық  клубы  I-орын, музыкалық аппаратура 

9.  2015 жылы 19 қарашада «Ауылдық клуб-2015»  облыстық байқауға Бәйдібек ауылдық клубы қатыстырылды. Байқауға Ассамблеяның 20 жылдығы аясында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!» атты бағдарлама ұйымдастырылды. Нәтижесінде  1 орынды иеленіп музыкалық аппартураға қол жеткізді.

10. 2016 жылы «Ауылдық клуб-2016»  облыстық байқауға Оразалы ауылдық клубы қатыстырылды. Байқауға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке тағзым!» атты жас ақындар айтысы ұйымдастырылып өткізілді.

11. «Ауылдық клуб-2016»  облыстық байқауға Бірлік ауылдық клубы қатыстырылды.

Мемлекеттік наградамен (орден, медаль, белгі, Құрмет грамоталары) марапатталған қызметкерлердің тізімі:

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.