Меркінің Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді

0

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді.

100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған.

«Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға байланысты бір жыл тоқтап қалған еді. Кейін қайта қолға алып, құрылыс жүре бастады. Менен басқа да, осы құрылысқа атсалысып, көмектескен барша ағайынға алғысымды білдіремін. Мешіттің іші жамағатқа толсын. Алла дұға-тілегімізді қабыл етсін», – деді Орынбасар Дүйсенұлы.

«Мешіт жоқта боранды күні имамың үйіне жиналып намаз оқитынбыз. Енді міне жаңа мешіт салынып, өзге ауылға сабылмаймыз. Осы мешітке келген әрбір адамға Алла тағала нұр, береке берсін», – дейді ауыл ақсақалы Байжанов Орын.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.