Close Menu
    Оқылып жатыр

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 9 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

      08/09/2026

      Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

      08/09/2026

      60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

      08/09/2026

      Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

      08/09/2026

      Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

      08/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев жергілікті кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді

    Сапарбаев жергілікті кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді

    Өңір тынысы 24/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ірі құрылыс ұйымдарының басшыларымен жиналыс өткізді. Онда жергілікті материалдарды кеңінен пайдаланып, аймаққа бөлінген қыруар қаржыны тез әрі сапалы игеру туралы әңгіме қозғалды. Биыл облысымыз алып құрылыс алаңына айналғалы отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Әңгіме 1 237 жоба туралы болды. Бүгінде 135 нысанда жұмыс басталды. Облыс әкімі соның нәтижесінде 25 мың жұмыс орны құрылатынын ерекше атап өтті. Бұл — қазіргідей шектеу шаралары енгізілген кезде уақытты ұтымды пайдалану маңызды болып табылады. Әзірге күн жылы болып тұр, уақыт аз қалды – ары кетсе 5-6 ай. Негізгі 24 құрылыс материалының он үші жамбылдық 153 кәсіпорында өндіріледі. Ал, жергілікті материалдардың үлесі 60 процентті ғана құрайды. Аймағымыз басқаны айтпағанда өзін кірпішпен де толық қамтамасыз ете алмайды. Облысымызға он жеті миллионнан 20 миллионға дейін кірпіш сырттан жеткізіледі.

    «Басты міндет – осы 153 кәсіпорынды толық қуатында жұмыс істету. Сондай-ақ тоқтап тұрған кәсіпорындардың тамырына қан жүгірту керек. Біз өз тарапымыздан оларға жылдық өсімі 4-6 проценттік арзан несиемен көмектесе аламыз. Жерді жалға алуды ұзартуға және басқа да қиындықтарды еңсеруге қолдау көрсетеміз», — деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев келесі маңызды проблемаға назар аударды – жол салған және жөндеген кезде битумның жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Қазақстандық төрт зауыт жылына 1 миллион тоннаға дейін битум өндіреді, ал қажеттілік 4 миллион тоннаны құрайды. Біздің облысқа 150 мың тонна битум қажет, әзірге қолда бары 26 мың тоннадан аспайды. Қазір оны кедергісіз сатып алуға болады, ал күзде дүрлігу басталады. Сондықтан да дәл қазір битумның мол қорын жасақтау қажет. Әйтсе-де оны сақтайтын қоймалар жетіспейді.
    «Альтаис групп» ЖШС директоры Әлімбек Жұмабаевтың айтуына қарағанда компанияда 6 мың тонна битум сақтайтын сиымдылық бар. Әйтседе оны сатып алу үшін 600-700 миллион теңге керек. Кәсіпорында мұндай қаржы жоқ.

    Б.Сапарбаев келесі мынадай проблемаға назар аударды. Ол – СТ-КZ сертификатын алу. Оны енгізудегі негізгі мақсат – отандық тауарлардың үлесін арттыру. Ал бұл іс жүзінде керісінше, 153 кәсіпорыннын 81-і әлі күнге дейін оны ала алмай келеді.

    «Ең алдымен бұл менің орынбасарларымның қателігі. Өйткені олар бұл мәселені уақтында шешуге көңіл бөлмеген», — деді аймақ басшысы.

    Сертификаттың құны бар болғаны 40 мың теңгені құрайды. Оны бір жұмыс күнде рәсімдеуге болады екен.

    Бұдан кейін өңір басшысы облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровқа бұрылып, былай деді: «Мен сертификат мәселені шешуді 27 сәуірге дейін аяқтауды тапсырып едім, енді келіп 2 мамырда дейін созып отырсыз. Негізі бұл тікелей сізге қарасты басқарманың жұмысы. Осыдан-ақ сіздердің жұмысқа деген жауапкершіліктеріңіздің төмендігі көрініп тұр».

    Сонымен қатар аймақ басшысы әр нысанда автор тарапынан да, техникалық қадағалау жағынан да, қоғам тарапынан да бақылау болуға тиіс екенін қадап айтты.

    Сондай-ақ аймақ басшысы тапсырыс беруші, жобалаушы, мердігер және құрылыс сапасын бақылайтын ұйымдар арасында тығыз өзара әрекеттесу қажет екенін атап өтті.

    «Мамыр айынан бастап біз қолмен басқару режіміне көшеміз. Біз қай нысанға газаблоктар, битумдар мен тағы басқа жетпейтінін құрылыс затарын қадағалайтын боламыз. Ол үшін ақпараттық технологияларды қолдану, арнайы чат құру қажет», — деді аймақ басшысы.

    Газаблок шығаратын «Агроспецстрой» ЖШС-не құрлыс жұмыстарын тездетіп аяқтауды, ал «Арастромаркет» ЖШС-не жылу радиаторларын шығаруды ұлғайтуы тапсырды.
    «Мемлекет басшысы құрылыстағы отандық материалдардың үлесін 90 процентке дейін жеткізуді тапсырды», — деді Бердібек Сапарбаев өз сөзінде.

    Күн тәртібіне қойылған мәселені талқылағаннан кейін аймақ басшысы құрылысшылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
    Облыс әкімдігі көрші облыстар арасындағы жұмыс күші мен ауыр жүк көлігі құралдарының кедергісіз жүруі үшін «Сергек» жүйесінің негіздерін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіпкерлер үшін қол жетімді битум қоймаларын толтыру мәселесі қарастырылады. Бұл өнімді Ресей жеткізе береді деп сенудің қажеті жоқ. Меншікті қорларды көбейту керек, басқа да аймақтардағы қоймаларды жалға алу туралы келісім шараларын жүзеге асырған жөн.

    Бұл жерде еліміздің басқа облыстарына қомақты қаражат кететінін ескеру қажет, сондықтан құрылыс материалдарының, соның ішінде битум өнімінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырған абзал.
    Осыған ұқсас жағдай еңбек нарығында да туындауы мүмкін, өйткені пандемиямен күрес аясында басқа елдерден келген еңбек мигранттарына сенім артудың қажеті шамалы. Сондықтан құрылыс компаниялары жұмысшыларды жалдау үшін жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыс орнатуы тиіс.
    Облыс әкімі нысандарды жыл соңына дейін аяқтау үшін екі ауысымда жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар, жаңа ғимараттардың ірге қалауына мүмкіндік тудыру қажет. Сондықтан жобаның эстетикалық компонентін бағалағаннан кейін дайын жобалық-сметалық құжаттама бас сәулетшігің тарапынан міндетті түрде расталады.

    «Біздің атқаратын жұмысымыз көп. Тез жұмыс істеу керек, бірақ сапаны жоғалтпауға тиіспіз. Бағаларды негізсіз асырып жіберуге болмайды. Жергілікті құрылыс материалдарымен және білікті жұмыс күшімен қамтамасыз етуді қоса алғанда, барлық мәселелерді алдын-ала зерделеп алу қажет. Біріншіден, сіз өзіңіз үшін жұмыс істейсіз, бұл сіздің пайдаңыз. Біз үшін жұмыс орындарының ашылғаны, жалақының уақытылы төленгені және жамбылдықтардың өмір сүру деңгейі артқаны маңызды. Егер біз бөлінген ақшаны уақтылы және тиімді пайдалансақ, халықтың кірістерінің өсуіне жағдай жасаған болсақ, онда біз келесі жылға сенімді түрде жоспар құрамыз», — деп қорытындылады сөзін Бердібек Сапарбаев.

    Бердібек Сапарбаев қаржы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Ұлттық қор күзде 300 млн$ сатылымға шығарады

    02/09/2026

    Қазақстанда несиесі барлар саны азайып жатыр

    31/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026

    Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

    08/09/2026

    Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

    08/09/2026

    Даулы жеңіс: Көшпенділер ойыны шумен аяқталды

    07/09/2026

    Щучинскідегі 12 адам қаза болған жарылысқа қатысты үкім шықты

    07/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.