Close Menu
    Оқылып жатыр

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 24 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

      24.07.2026

      Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

      24.07.2026

      Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

      23.07.2026

      Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

      23.07.2026

      Түркістанда 3 млрд.тан астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды

      23.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақ әдебиетінің антологиясы араб тіліне аударылады

    Қазақ әдебиетінің антологиясы араб тіліне аударылады

    Ел іші 30.05.2019
    Сірет СІМ баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ALECSO) заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын араб тіліне аударып, басып шығару жобасын қолдауға дайын, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.

    Биыл ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми алты тіліне аударылып, басылып шығады. Әрбір антологияның тиражы 10 мың данадан асып түседі.

    Араб тіліне аударылған шығармалар жинағы 22 араб мемлекетіндегі 5 мыңнан астам ірі университеттерге, кітапханаларға және зерттеу орталықтарына таратылады.

    ALECSO 1970 жылы 25 шілдеде Каир қаласында құрылған Араб мемлекеттері лигасының мекемесі болып табылады. Штаб-пәтері Тунисте орналасқан. Ұйымның мүшелерінің барлығы АМЛ-ға кіретін елдер болып табылады. ALECSO негізгі мақсаты — араб мемлекеттері арасында білім, ғылым және мәдениет салаларында бірлікке қол жеткізу, әлемдік дамуға үлес қосу үшін араб елдеріндегі мәдениет деңгейін көтеру болып табылады.

    Араб әдебиет соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026

    Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

    23.07.2026

    Түркістанда 3 млрд.тан астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды

    23.07.2026

    Алты айда ұлттық қордың бүйірі қаншалықты бұлтиды?

    23.07.2026

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.