Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

    27.01.2026

    Қарашығанақ ісі: халықаралық алпауыттар Қазақстанға миллиардтаған доллар қайтаруы мүмкін

    27.01.2026

    Жамбыл облысындағы жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    27.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 27 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026

      Серік Сәпиев төбелестің артында «жасырын ықпал» барын айтты

      26.01.2026

      «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

      26.01.2026

      Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге және қалай беріледі?

      26.01.2026

      Орал тұрғынын Мәскеуде соғысқа күштемек болған

      23.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026

      Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

      21.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз тумасы пойыздағы әнімен жұртты тәнті етті

    Тараз тумасы пойыздағы әнімен жұртты тәнті етті

    Өңір тынысы 24.04.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сұлу да сымбатты жолсерік әлеуметтік желі қолданушыларын дауысымен таңғалдырды. Пікір қалдырушылар қыздың «мамандықтан шатасқанын» жазып жатыр.

    Ән салған жолсеріктің видеосы бірнеше күнде TikTok желісінде 860 мың қаралым жинаған, Желі қолданушылары қызға «сахнаға шығуды» ұсынған.

    «Жолсеріктің дауысы керемет», — делінген вирусты видеоның сипаттамасында.

    Видеодағы кейіпкердің есімі Ақылзат Сейтжапар, жасы 40-та. Әйелдің екі баласы бар — 19 жастағы қызы және 18 жаста ұлы бар. Екеуіде Астанада грантта оқиды.

    @_arailym4 #поезд #астана ♬ оригинальный звук — Мадам 👒

    Ақылзат Таразда дүниеге келген, алайда отбасымен Астанада тұрады және 13 жылдан бері жолсерік болып қызмет етеді.

    Бала кезде екі арманым болды: ән айту және форма кию. Ән айтуды кәсіби тұрғыда үйренбедім, алайда бесінші сыныптан бастап белсенді түрде байқауларға қатысып, тіпті орындар алып жүрдім. Жас кезімде Superstar.kz байқауына қатысуды армандадым, алайда ата-анамның қаржылай қиындықтары болып, кастингке қатысу үшін жолға ақша таба алмадым. Бірақ бала кездегі басқа арманым орындалды, мен жолсерік болдым. Міне 13 жылдан аса уақыт форма киіп жүрмін», — дейді әйел.

    Жолсеріктің айтуынша, вирусқа айналған видео Шымкент-Астана бағытында жүретін пойызда түсірілген.

    «Тараздан жастар мінді, олар Астанаға байқауға бара жатты. Ойнады, ән айтты. Бос уақытымда мен оларға қосылдым. Біреу мені видеоға түсіріп, TikTok-қа шығарады деп ойламадым. Кешелі бері барлық туыстарым, достарым мен таныстарым осы видеоны маған жіберіп жатыр. Мұндай әсер болады деп күтпедім», — дейді Ақылзат.

    Кенеттен пайда болған танымалдылықтан кейін ол вокалдық байқауға қатысуды ойлаған.

    «Әзірге нақты бір жоспар жоқ. Бірақ, бала кездегі арманды орындауға уақыт жетті ме деп ойладым. Әзірге нақтысын білмеймін, бірақ вокалдық байқауға қатыссам күшті болар еді», — дейді ол.

    Редакция «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне хабарласып, пікір білдіруін өтінді.

    «Біздің мамандар тек өз ісінің шебері ғана емес, көптегенінің өз хоббиі бар, кейбірі спортпен шұғылданады, біреулері сурет салады, басқалары бос уақытында ән салады.

    Қызметкеріміздің бірінің видеосы осындай танымал болғанына қуаныштымыз», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.

    Оқылып жатыр

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    26.01.2026

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    22.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

    27.01.2026

    Қарашығанақ ісі: халықаралық алпауыттар Қазақстанға миллиардтаған доллар қайтаруы мүмкін

    27.01.2026

    Жамбыл облысындағы жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    27.01.2026

    Филиппинде 350-ден аса жолаушысы бар паром суға батты

    26.01.2026

    Серік Сәпиев төбелестің артында «жасырын ықпал» барын айтты

    26.01.2026

    Мемлекеттік рәміздерді түсіндіруге 5,2 млн теңге: Түркістандағы даулы лот

    26.01.2026

    «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

    26.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.