Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 10 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

      10.03.2026

      Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

      10.03.2026

      Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

      10.03.2026

      Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

      10.03.2026

      Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

      09.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Үркер» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

    «Үркер» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

    Мәдениет 26.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    25 мамыр күні «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz  ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.

    Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

    Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады. Сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

    Биылғы жылы өтініштер келесідей номинациялар бойынша қабылданады:

    1) Жыл фотографиясы;

    2) Жыл репортажы;

    3) Жыл аналитикалық материалы;

    4) Жыл журналистік зерттеуі;

    5) Жыл сұхбаты;

    6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;

    7) Жыл радиостанциясы;

    8) Жыл ақпараттық порталы;

    9) Жыл газеті;

    10) Жыл журналы;

    11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).

    Биылғы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, «Жыл new media» номинациясы тағайындалып отыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық telegram-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.

    Үздіктерді арнайы құрылған комиссия айқындайтын болады. Комиссия құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.

    Естеріңізге сала кетейік, Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылы тағайындалған. Екі жыл ішінде еліміздегі белді басылымдар, интернет-порталдар мен журналистерге жалпы саны 26 сыйлық табысталған, олардың ішінде — ақпараттық агенттіктер, өз оқырманы қалыптасқан тақырыптық басылымдар да болды.

    журналистика Үркер сыйлығы

    Оқылып жатыр

    Халықаралық жоба: түркі әлемінің зертханалары бір желіге бірікті

    17.02.2026

    Сабуровқа 50 жылдық тыйым: ЧБД Қазақстанға көшуі мүмкін

    13.02.2026

    Нұрлан Сабуров 50 жыл Ресейге кіре алмайды

    06.02.2026

    Махаббат пен таңдау: «Ғашықпын саған» фильмі көрерменге ұсынылады

    02.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Футбол ойыны төбелеске ұласып, екі адам ауруханаға түсті

    10.03.2026

    Бір топ әнші жаңа Конституцияны әнге қосты

    10.03.2026

    Ақ үйден Кремльге түскен маңызды қоңырау: Трамп пен Путин нені талқылады?

    10.03.2026

    Шұғыл! Атырауда жоғалған отбасының екі мүшесі өлі табылды

    09.03.2026

    Иран жаңа көшбасшысын таныстырды: ол туралы маңызды мәліметтер

    09.03.2026

    Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жоғалып кетті

    09.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.