Close Menu
    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 5 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025

      Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

      03.11.2025

      Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

      03.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында “Парасатты отбасы” анықталды

    Жамбыл облысында “Парасатты отбасы” анықталды

    Өңір тынысы 23.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, рухани жаңғыру аясында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ақын, жыршы, жырау-Майкөт Сандыбайұлының шығармашылығына арналған «Ел мұрасы – ғибрат бастауы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

    Халық ақындарының шығармаларының жиналуы, зерттелуі, насихатталуы аса маңызды екендігін осы шараның жүргізушісі айтыскер ақын Алик Бекмұсаев айтып өтті.

    – Ұлы бабаларымыз елі мен жері үшін қанша жан берісіп, жан алыса да, ұлттық өркениетін, мәдениетін, әдебиетін мен салт-дәстүрін жоғалтқан жоқ.Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевше айтсақ: «Мың өліп, мың тірілді».Сонда да, дүниенің темірқазығы іспеттес руханиятының сәулесін сөндірген емес, қайта түлетті, жетілдірді. Сонымен қоса, осынау туған өлкеміздің өрісін кеңейте түсті.Тәуелсіздігіміздің «ақ таңы» атқан күннен бастап-ақ өткенімізбен қауышып, өшкенімізді қайта жақтық. Сол уақыттан Ұлт руханияты түгенделуде. Мағжан, Шәкәрім, Міржақып есімдері тіріліп, олардың еңбектері оқулықтарға енуде. Бұл – егемендіктің айқын нышаны.Ең өкініштісі сол, заманында өңірдің халқына қалтқысыз қызмет еткен азулы ақынның шығармашылығы әлі күнге дейін өзінің лайықты бағасын ала алмай келеді. Туған жерінің табиғатын, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін жырына арқау еткен абыз-ақынымызды елемей, ескермей келеміз. Бүгін міне, есімін жас ұрпақ жадында сақтау мақсатында жарыққа шығып отырған Майкөт Сандыбайұлының шығармашылығы туралы кітап дер кезінде қолға алынған игі іс деп білемін. Оның үстіне, биыл – абыз ақынның 195 жылдық мерейтойы.Баршаңызға өз заманының ақтангер ақыны, жышры-жырауы болған Майкөт Сандыбайұлының шығармашылығына арналған кешке қош келдіңіздер.«Кітап – білім бұлағы» демекші, кітаптан рухани азық алып, ақын шығармаларымен сусындайды деген ойдамын, — деді Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек.

    Содан соң М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті жанындағы «Дулати» институтының директоры, ғалым – Сәмен Құлбарақ жиынның мазмұнын ашып, тарихқа тереңірек бойлап, жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді. Және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Сарысу ауданының «Құрметті азаматы» Пернебай Дүйсенбинмен бірге жаңа кітаптың лентасын қиды.

    Сонымен қатар М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Меруерт Көпбаева да қатысып, ақынның ерекшеліктеріне тоқталып өтті.Осы шарада мектеп оқушылары мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауында ақынның өлеңдері тыңдалды.

    Мәйкөт Сандыбайұылының республикалық деңгейде дәріптелуіне үлкен үлес қосқан ұрпағы-ардагер Егізбек Сәтов  қария сөз сөйлеп, жаңа кітап оқырмандарына жол тартты.

    Сарысу ауданы

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.