Бүгін Сенат «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдап, президенттің қол қоюуына жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған tarazy.kz
Сенатор Айгүл Қапбарованың айтуынша, мемлекеттік емес БАҚ құралдарына да гранттар бөлінеді.
Сондай-ақ жаңа заңда мынандай түзетулер бар:
БАҚ-тағы материалдарға талап қою мерзімі бір жылды құрайды;
• Бірінші, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайту және қорғау үшін гранттық қаржыландыру берілетін болды.
• Екінші, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған ақпараттар бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың талап қою мерзімі бір жыл болып белгіленді.
• Үшінші, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
• Төртінші, БАҚ қызметіне өзін-өзі реттеуге, медиа саланы дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ерікті негізде қоғамдық-кәсіптік кеңес құруға және журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік берілді.
Мемлекеттік тілдегі теле-радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50%-дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%). Отандық теле-радио бағдарламалардың және қазақстандық авторлардың/орындаушылардың музыкалық шығармаларының отандық теле-радиоарналардағы көлемін 50%- дан 60%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту (2025 жылдан бастап 55%, 2027 жылдан бастап 60%) көзделген. Отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламаларды ретрансляциясын 20%-дан 10%-ға дейін азайту% белгіленді, – деді сенатор Айгүл Қабпарова.