Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Академик Шора Шамғалиұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

    Академик Шора Шамғалиұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

    Мәдениет 29.11.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылы 28 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркі әлеміне танымал тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мерейтой аясында академиктің ғылыми мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты құнды пікірлер мен естеліктер ортаға салынды. Шарағапрофессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева,филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы, саясаттанушы Жанұзақ Әкім, сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының “Даму және БАҚ”бөлімінің орынбасары, Қарагөз Сүлейменова Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесін, оның ұлттық ғылымды дамыту жолындағы еңбегін ерекше атап өтті.

    Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева академиктің ғылыми мұрасын саралап, оның түркі әлеміндегі беделі мен еңбектерінің маңызын атап өтті.Сондай-ақ, профессор Жамал Манкеева академиктің түркология мен қазақ диалектологиясын дамытудағы тарихи рөліне тоқталып:
    «Шора Шамғалиұлы қазақ диалектологиясының ғылыми мектебін қалыптастырған аса ірі ғалым. Ол ұмытылған көне сөздер мен аймақтық тіл ерекшеліктерін жүйелеп, бұл саланы дербес ғылыми бағыт ретінде дамытты», – деді.Ғалымның диалектология ғылымын қалыптастырудағы рөлі, аймақтық тіл ерекшеліктерін жүйелеу арқылы қазақ тілінің тарихи дамуын терең зерттегені кеңінен айтылды. Сонымен бірге Шора Шамғалиұлының өнерге жақындығы, ерекше орындаушылық қабілеті мен адамгершілік болмысы да еске алынды.

    Саясаттанушы, «Адам» халықаралық институтының президенті Жанұзақ Әкім Ш. Сарыбаевтың қазақ зиялыларының мұрасын сақтау бағытында атқарған ауқымды еңбегін атап өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлерінің еңбектеріне арналған екі томдық библиографияны құрастыру барысында академиктің азаматтық ұстанымы мен қайсарлығы айрықша көрініс бергені туралы пікір білдірді. Сонымен қатар, оның қазақ музыка мәдениетінің зерттелуіне қосқан үлесі де айтылды.

    Айта кету керек, 1964 жылы «Қайрат» командасы құрылды, және осы команданың атын қойғанда да Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың рөлі орасан зор болды. Ғалым шығармашылық топтың дамуына, ұлттық өнердің ілгерілеуіне қосқан үлесімен тарихта қалды.

    Ғалымның қызы, филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы әкесінің ғылым жолындағы ұстанымдары мен мұрасының бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы жөнінде жылы лебізін білдірді. Ол Шора Шамғалиұлының өмірден өткеннен кейін оның жеке архивін жинақтап, жүйелеу жұмыстарын қолға алғанын, осы материалдар негізінде бірқатар еңбектер жарық көргенін атап өтті. Сонымен қатар 2021 жылы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадан «Шора Шамғалиұлы Сарыбаев атындағы оқу залының» ашылуы ғалым мұрасының ұрпаққа қалдырған үлкен қазына екенін жеткізді.

    Мерекелік шара барысында академиктің ғылыми мұрасы ғана емес, оның ұлттық мәдениетті дамытудағы рөлі де жан-жақты көрсетілді. Шора Сарыбаевтың өмірі мен ғылыми жолын айғақтайтын портреттер, фотосуреттер, еңбектерінен үзінділер, архив материалдарықойылған экспозиция көпшілік назарына ұсынылды. Көрме ғалымның халықаралық конференциялар мен қоғамдық іс-шаралардағы қызметін де қамтыды. Кеш соңында Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың ағартушылық рухына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертке еліміздің белгілі өнер шеберлері қатысып, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ансамблі де өз өнерін көрерменге тарту етті.Концертте қазақтың дәстүрлі ән-күйлері, ұлттық орындаушылық өнердің көріністері паш етілді.

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.