Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz
Сот үкімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға сотталды.
Сот оны алаяқтық пен пара алу қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оның мүлкі (Toyota Camry автокөлігі) тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Жұма күні өткен сот отырысында Жақсылық Омар өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ақша бопсаламағанын мәлімдеді.
«Мен ешқандай ақша бопсалаған жоқпын. Соттан қорғаушыларым келтірген уәждерді жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастыруды сұраймын», – деді ол.
Сондай-ақ, экс-әкім соттан өзін бас бостандығынан айырмауды өтінген болатын.
Еске салайық, бұған дейін прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға соттауды сұраған болатын.
