Алматы тұрғыны Абдулла Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың есіміне ауыстыруды ұсынып, петиция жариялады. Бастама авторы бұл ұсынысты ақынның ел мәдениеті мен руханиятына сіңірген еңбегімен негіздейді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Аталған петиция GosRating.com платформасында жарияланған. Құжат мәтінінде Мұхтар Шахановтың шығармашылығы мен қоғамдық қызметі ұлттық құндылықтарды дәріптеуде айрықша рөл атқарғаны жазылған. Осыған байланысты, автор көше атауын өзгерту арқылы тұлғаның еңбегін лайық түрде ұлықтауды ұсынады.
Сондай-ақ, петицияда көше атауларын жаңарту – тарихи жадты қалыптастыру мен маңызды тұлғаларды насихаттаудың бір жолы екені аталып өткен.
Құжатқа қол қою немесе қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар. Тиісті шешім қабылдау үшін петиция белгілі бір деңгейде қолдау жинауы тиіс.
Пікір білдіргісі келген азаматтар петицияға онлайн түрде қатыса алады.
