Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    Жаңалықтар 06/05/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәжіліс«Топырақты қорғау туралы» депутаттық заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Құжаттың негізгі мақсаты — бірыңғай заңнамалық акт аясында топырақты басқару, оны қорғау, құнарлылығын сақтау мен арттыру, сондай-ақ жерлердің тозуының алдын алу үшін тұтас құқықтық негіз қалыптастыру. Бұл ретте құжат жерді алып қою мәселелерін реттемейді, бірақ олардың сапасын сақтауға және одан әрі нашарлауына жол бермеуге бағытталған бірқатар талаптарды енгізеді. Атап айтқанда, заң жобасы «топырақ» ұғымының өзін нақтылап, оны кеңірек «жер» ұғымынан бөліп көрсетеді.

    Аталған заң жобасының авторы ҚР Сенаты депутаты Зәкіржан Кузиев жеке заң қабылдау үшін көп жұмыс істелгенін айтады. Сала ұзақ зерттелді. Сосын үкімет мүшелеріне сауал жолданып, оны салалық министрлікпен бірге талқылап, бүгінгідей нәтижеге жеттік дейді.

    “Бүгін мен тек аграрлық сала үшін ғана емес, бүкіл еліміздің болашағы үшін аса маңызды қадам жасалды деп санаймын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бірінші оқылымда менің бастамаммен сенатор Жанболат Жөргенбаев және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын қолдады.

    Бұл мен үшін бір реттік бастама немесе жағдайға байланысты қабылданған шешім емес. Бұл — соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіп келе жатқан жүйелі әрі дәйекті жұмысымның нәтижесі. Осы уақыт ішінде мен жердің тозуы, топырақ құнарлылығының төмендеуі және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптер мәселесін тұрақты түрде көтеріп келемін”,- дейді сенатор Кузиев

    2025 жылы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолданды. Сол кезде мен мәселені ашық айттым. Жердің деградациясы елемеуге болмайтын деңгейге жетті. Үкімет бұл мәселелердің өзектілігін растап, жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін қолдады. Бүгінде біз талқылаудан нақты іске көшіп отырмыз, деді депутат.

    “Неліктен бұл заң маңызды? Топырақ — жай ғана табиғи ресурс емес. Ол ауыл шаруашылығының, азық-түлік тәуелсіздігінің және экономиканың тұрақтылығының негізі. Бұл еліміздің болашағы қаланатын іргетас. Мамандардың бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ға жуығы әртүрлі деңгейде деградацияға ұшыраған: эрозия, тұздану, құнарсыздану. Бұл жекелеген шаралармен шектелмей, толыққанды мемлекеттік саясатты талап ететін дабыл белгісі”, — деген пікірде Зәкіржан Кузиев.

    Ұсынылған заң жобасы дәл осындай жүйелі негізді қалыптастыруға бағытталған.
    Заң жобасында:
    — топырақ жағдайының кешенді әрі тұрақты мониторингін енгізу;
    — жер пайдаланушыларға нақты әрі міндетті талаптар белгілеу;
    — мемлекеттік бақылауды күшейту;
    — жердің тозуына жол бергені үшін жауапкершілікті арттыру;
    — эрозияның, тұзданудың және топырақтың құнарсыздануының алдын алу шараларын жүзеге асыру;
    — ғылымның, агрохимиялық зерттеулер мен болжам жасаудың рөлін күшейту қарастырылған.

    “Маңыздысы сол, бұл тек экология мәселесі емес.Бұл — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұл — экономиканың тұрақтылығы.Бұл — келер ұрпақтың болашағы.
    Егер біз бүгін топырақ құнарлылығын сақтай алмасақ, ертең әлдеқайда күрделі салдарларға тап боламыз: өнімділіктің төмендеуі, импортқа тәуелділіктің артуы, өмір сапасының нашарлауы. Мен мемлекет өзінің стратегиялық ресурстарын қорғауға міндетті деп есептеймін. Ал жер сол ресурстардың ең бастысы.

    Бұл заң жобасы мен үшін жеке жауапкершілік және бұрын басталған жұмыстың жалғасы. Мен оны соңына дейін жеткізіп, тиімді заңның қабылданып, нақты жүзеге асырылуына күш саламын.

    Алда әлі талқылау, пысықтау және екінші оқылым бар. Бірақ қазірдің өзінде біз жер пайдалану саласында жаңа, жауапты мемлекеттік саясат қалыптастыру жолында маңызды қадам жасадық деп айтуға болады”– деп ойын түйіндеді сенатор Кузиев.

    Кузиев сенатор топырақ

    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.