Үшінші дүниежүзіліс соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Мұндай пікірді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, жаппай жою құралы қолданылса, бұл өркениетіміз үшін соңғы шайқас болады. Қақтығыссыз өмір сүру, қорқынышсыз өмір, ертеңгі күнге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген сенімге мұқтаждық бұрыннан қалыптасты», — деді Назарбаев IV Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері жиынында.
Оның айтуынша, Жердің барлық тұрғыны ядролық қарусыздандырумен ғаламдық күреске араласып, ғаламшардағы өмірді қорғауға белсенді атсалысуы керек.
Назарбаев елдердің парламентерийлерін саясаткерлерге ықпал етуге шақырды.
«Ақыр-аяғы, парламентаралық одақ 1889 жылы құрылған, бүгін оған 130 жыл толды, 1919 жылғы Ұлттар лигасынан да ертерек құрылған. Одақтың басты мақсаты елдер арасындағы саяси диалогқа жәрдемдесу. Депутаттар саяси қызметкерлерге ғаламшарымыздың тағы да қауіпті аймақта тұрғанын мақсатты түрде жеткізе білуі керек», — деді Назарбаев.
Жиын Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған. Төртінші форумның тақырыбы: «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік».