Close Menu
    Оқылып жатыр

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 9 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

      08/09/2026

      Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

      08/09/2026

      60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

      08/09/2026

      Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

      08/09/2026

      Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

      08/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жандарбек Бұлғақов айтысқа олимпиадалық жүйені енгізу керек дейді

    Жандарбек Бұлғақов айтысқа олимпиадалық жүйені енгізу керек дейді

    Ел іші 16/10/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ілгеріде бір кездесуімде Жүрсін ағама @zhursin_yerman «келесі айтыстарда ақындарды сахнада, яғни, жұрт көзінше жұптасаңыз дұрыс әрі әділетті болады»- деп ұсыныс айтып едім. Ол кісі де осы идеяның көптен бері жоспарында жүргенін, қарсы емес екенін білдірген болатын. Бұл — менің ойлап тапқан жаңалығым емес, айтыс әділетті әрі таза өтуі үшін айтыскерлер сахнада, елдің көзінше жұпталуы тиіс екенін ақын Ринат Зайытов та бір емес, бірнеше рет айтқан еді, өзім куә. Менің ойымша, қазіргі айтыскер ақындардың көпшілігі суырып салып, ‘тап бермеде тауып айтатындай’ өте жоғары деңгейде. Сондықтан бұл тәсіл ақындарды да, айтысты да жаңа деңгейге көтермесе, зияны жоқ деп ойлаймын. Биыл бірінші рет Қырғыз Республикасына барып, Бішкектегі айтысқа қатысуға мүмкіндік алдым. Олардың бір ерекшелігі — айтыскер ақын кіммен айтысатынын соңғы уақытқа дейін білмейді екен. Қанша рет айтыссаң да, жұбыңды жұрт көзінше, жеребе тарту арқылы анықтайсың. Иә, барлық айтыс классикалық деңгейде болмауы мүмкін. Бірақ жұпталуың, суырып салып өлең құрауың — бәрі әділетті түрде, көрерменнің көзінше болған соң, елдің де ақындарға деген ықыласы, сенімі жоғары болады. Шашырап шыққан ойларыңа кешіріммен қарап, тауып айтқан сөзіңе алақанын аямай соғады.Біздің қазіргі айтысқа қажетті тағы бір дүние- жүз айтыстың бірінде ғана ‘екі ақын тең түсті’ деген шешім болмаса, қалған айтыстың бәрінде ‘жеңді, жеңілді’ деп олимпиадалық жүйені орнату керек сияқты. Бірінші күні айтысқан ақыныңмен екінші күні де жұптасып қалмауың үшін екеудің біреуі жеңіліп, жарыс жолынан шығып отыруы керек. Қазылар алқасы да әр айтыстан кейін кімнің не үшін жеңгенін, кімнің не үшін жеңілгенін анықтап айтып берсе, айтыстың қорытындысына қатысты дау-дамай көп болмайтын еді. Ақын @serik_kaliev ағамның: «мен жюриде отырғанда қолымдағы көтерген ұпайды сахнада отырған ақынға емес, алдымен өз-өзіме берген баға деп түсінемін. Бір ақынға 10 деген бал берсем, міне, мен үшін бұдан асқан айтыс жоқ, менің деңгейім осы, мені разы қылатын айтыс — осындай айтыс деген сөз ғой» деп айтқаны бар еді. Сондықтан айтыскер ақындар мен жыршы термешілер одағы ақындарды жұптау мен бағалаудың жаңа һәм көне системасын қайтадан орнатуды қолға алса екен демекпін

    айтыс

    Оқылып жатыр

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14/07/2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19/05/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Хиджап VS лицензия: министрліктің қатаң талабы

    08/09/2026

    Cobalt көш бастап тұр: Ең көп сатылған көліктер аталды

    08/09/2026

    60 емес 386 млн екен! Жапаровтың хатшысы «Бишкек Арена» шығынан айтты

    08/09/2026

    Арман Шораев 20 тәулікке қамалды

    08/09/2026

    Алматыдағы тұңғыш президент саябағы жабылды

    08/09/2026

    Даулы жеңіс: Көшпенділер ойыны шумен аяқталды

    07/09/2026

    Щучинскідегі 12 адам қаза болған жарылысқа қатысты үкім шықты

    07/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.