Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Депутат Тоқаевтың қайта сайлануына қатысты болжамдарға жауап берді

    28.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 28 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

      28.01.2026

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026

      Серік Сәпиев төбелестің артында «жасырын ықпал» барын айтты

      26.01.2026

      «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

      26.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

      27.01.2026

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Есірткі індеті өршіп тұр»: Қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл облысындағы мәселелерді талқылады

    «Есірткі індеті өршіп тұр»: Қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл облысындағы мәселелерді талқылады

    Өңір тынысы 14.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы әкімшілігінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік-үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференция өткізді.Конференция «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткізілді.

    Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты.Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Ол «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндап, Облыста Қоғамдық кеңестің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті.

    Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің ресми сайтында аудандарда қандай да бір күрделі мәселелердің шешіліп, сын-ескертпелер қалай орындалып жатқандығы туралы ақпараттандырылып, жасалынған жұмыстардың ашықтығы көрсетілуі керектігін ескертті.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанұлы Қоғамдық кеңестердің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында халық алдында есеп беру бойынша қоғамдық мониторинг жұмысының нәтижесі туралы баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында әртүрлі мәселелер талқыланды.

    Меркі аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Құралбай «Сұрат» ауылындағы әлеуметтік шиеленісті шешудің жолдарын ұсынды.Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қауіпті індет — есірткі бойынша ауданда наркологиялық сараптама жасайтын орынның жоқ екенін айтты.«Есірткінің түрлері өте көп, оның жеңіл және ауыр, өмірге қауіпті түрлері көбеюде. Жеңіл наркотиктер денеге тез тарап кетеді. Қылмыс түнде болған жағдайда біз Тараз қаласына немесе Жаңатас қаласына жеткізгенше ол денеде тарап кетеді. Осыған орай, ауданнан арнайы штат бөліп, медицина саласынан мамандар берілсе деген ұсынысымыз бар. Қажет болса тиісті органдарға хат дайындауға дайынбыз», — деп аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ақынбек Бектай мәселе көтерді.

    Барлық ауданның ұсыныстары мен көтерілген мәселелерді облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы мақұлдап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

    Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады. 

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

    27.01.2026

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    26.01.2026

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Депутат Тоқаевтың қайта сайлануына қатысты болжамдарға жауап берді

    28.01.2026

    «Ұрлаған ақшаны қайтартады, түрмеге жабады» – Әбенов жеке мектептер туралы

    28.01.2026

    ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

    28.01.2026

    Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелес: желіде тексеру нәтижесі тарап кетті

    28.01.2026

    Әскердегі адам өлімінен кейін министр шұғыл шаралар қабылдады

    28.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.