Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

      31.03.2026

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының өзекті мәселелері

    ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының өзекті мәселелері

    Ел іші 20.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұжданы мен дін ұстану еркіндігін қорғауға кепілдік береді. Конституция конфессиялық, этникалық және басқа да белгілерге байланысты кез келген сипаттағы дискриминацияға тыйым салады. Қазақстан Республикасы Конститутция бойынша зайырлы мемлекет.  Зайырлы мемлекет деп  саяси шешімдер қабылдауда қандай да бір діннің құндылықтарына сүйенбеу, яғни  дін мемлекеттен бөлінген дегенді білдіреді,  бірақ  бұл дінді қоғамнан аластату емес, сондай-ақ ол қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді. Зайырлы мемлекеттерді жіктеу критерийлері: 1) мемлекет пен діни ұйымдар әріптестігінің болуы және 2) діннің мемлекеттің құқықтық жүйесіне әсер ету. Бұл өлшемдер зайырлы мемлекеттердің 4 түрін бөлуге мүмкіндік береді: преференциалдық, эквипотенциалды (мемлекет діни ұйымдарды мемлекеттік өмірден барынша оқшаулауға ұмтылады), контаминациялық, сәйкестендіру (мемлекеттің діни ұйымдармен ынтымақтастығы).

    Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік институт ретінде діннің рөлі мен функциясында елеулі өзгерістер орын алды. Мемлекет діни қатынастардың маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет пен діни институттардың өзара әрекет етуіне қатысты тиісті саясат қалыптастыруға тырысты. Өз кезегінде, Қазақстандағы дін саясатының өзектілігіне байланысты діни қарым-қатынас мәселелерін реттеуге жекелеген мемлекеттік органдар жұмыс атқарды.

    2009 жылғы өткізілген соңғы Ұлттық санақтың қорытындысы бойынша, сауалнамаға дәстүрлі көрсеткіштермен қатар, дін ұстану туралы пункт қосылып, ислам дінін ұстанушылар саны тұрғындардың — 70,2% және христиан дінін ұстанушылардың жалпы саны тұрғындардың — 26,3% құрап, Қазақстанда бұл діндердің ең көп таралғанын көрсетті.

    Бұл ретте ислам дінін ұстанушылардың көбін тиісті этностың жалпы санынан, қазақтар – 98,3%, өзбектер – 99,1%, ұйғырлар – 98,4%, түріктер – 99,1%, әзірбайжандар – 94,8%, дұнғандар – 98,9%, күрдтер – 98,3%, тәжіктер – 97,8%, шешендер – 93,7% және қырғыздар – 96,7% құрайды.

    Христиандар арасындағы топтың көп бөлігін славян ұлтының өкілдері құрайды: орыстар – 91,6%, украиндар – 90,7%, белорустар – 90,2%.

    Республикада иудаизм кеңінен таралмаған, сондай-ақ тұрғындар арасында буддизм ұстанушылары да көп емес.

    Бұл заң, Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде танытып, әр адамның ар-ождан бостандығының құқығын бекітіп, олардың діни көзқарастарына қарамастан, құқықтарының теңдігіне кепілдік беретін  конституциялық ережелерге сүйенеді. Халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің дамуында ханафи бағытындағы ислам діні мен православиелік христиан дінінің тарихи рөлі мойындалады, Қазақстан халқының рухани құндылықтарымен сай келетін басқа да діндерге құрмет көрсетіледі, конфессияаралық келісімнің, діни толерантылық пен азаматтардың діни көзқарастарына құрметпен қараудың маңыздылығына көңіл бөлінеді. Дегенмен, құқықтық жағынан қарағанда ханафи бағытындағы ислам діні мен православиелік христиан дінінің ешқандай құқықтық артықшылықтары жоқ.

    Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған Дін саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын жүзеге асырудың аясында Қазақстан Республикасы Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігінің дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасында көрініс тапқан Қазақстан Республикасының стратегиялық қызығушылықтарына сүйене отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан ары – заң жобасы) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы дайындалып, ол қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына берілген. 

    Заң жобасын дайындаудың басты мақсаты мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, діни әрекет етуші субъектілердің құқықтары мен міндеттерін нақтылау және дін саласын реттеу  болып табылады. Министрлік тарапынан алғаш рет дайындалған заң жобасында (2017 ж. тамыз) 60 түзетулер (3 кодекс пен 12 заңға) енгізу ұсынылды.

    Заң жобасының нормалары бұрын соңды болып көрмеген талқылаудан өтті. Осылайша, 2017 жылдың тамызынан бастап республикалық және аймақтық деңгейдегі 2000 астам шаралар өткізілді. Заң жобасы эксперттердің, діни бірлестіктер өкілдерінің және мемлекеттік органдар, теологтар, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының кеңсесі мен Орталық Азияға арналған адам құқықтары жөніндегі БҰҰ бас комиссары басқармасының қатысуымен әртүрлі деңгейдегі 11 диалогтық алаңда кеңінен талқыланды.

    Заң жобасын дайындау барысында көптеген дамыған елдердің тәжірибесі қарастырылып, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісімдер де зерттелді. Атап айтқанда, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеттің ескертулеріне сәйкес, заң жобасына азаматтардың дінге қатыстылығына байланысты, оның ішінде дінге сенбейтін азаматтардың да тең құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды енгізу ұсынылды. Бұл қосымша дін ұстану еркіндігі, оның ішінде өзін ешқандай дінге қатыстырмау еркіндігіне кепілдік берілетін көптеген батыс елдерінің тәжірибесіне сәйкес келеді.

    Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау діни субъектілердің дін ұстану кезіндегі өз құқықтарын жүзеге асыру барысындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, оны деструктивті мақсатта қолдану жағдайын азайтады.

    Үкіметтің зайырлы мемлекет, конфессияаралық және этникааралық келісім принциптерін сақтап, нығайтуға қатысты қабылдап отырған шаралары қазақстандық қоғамның қызығушылықтарына жауап береді де, діни ұсыныстар дін саласындағы құқықтық нормаларды либерализациялауға бағытталады. 

    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Саясаттану»  кафедарсының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы

    дін Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Қазақстан бидай экспортын арттырды: үлес 13,8%-ға дейін өсті

    26.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.