Ол бұған дейінде істі болған.
Мәскеуде полицейлер қоғамдық орында спирттік ішімдік ішкен аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко ұстады. Бұл туралы РИА Новости-ге құқық қорғау органдарының өкілі хабарлаған, деп жазады Zakon.kz.
Спортшы тұтқындалған соң полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған қатысты хаттама толтырылады.
Емельяненко наурыз айында Кисловодскте жол апатына тап болып, артынша ЖКО із суытқан. Бірақ, Жол қозғалысының қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы қызметкерлері оның автокөлігін тоқтатады. Ішімдікке сылқия тойып алған спортшы көлік есіктерін ішінен құлыптап алып, өзін ашулы ұстаған. Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан оны әлемдік сот 1,5 жылға жүргузуші куәлігінен айырып, 30 мың рубль (100 мың теңгеден астам) айыппұл салды.