Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бір жылда 29 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі

    Бір жылда 29 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі

    КӘСІПКЕР 29/04/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда алғаш рет бір жылда 29 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова студенттер жатақханаларын салу жұмыстары туралы айтып берді.

    Б. Асылова Қазақстан тарихында алғаш рет биыл 9 196 орынға арналған 29 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты.

    «Еліміздің тарихында бұған дейін осындай көрсеткіш болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы салынған жатақханалардың мақсатты құрылысы жүргізілді. Жылына көп дегенде 2-2,5 мың орын пайдалануға берілетін. Аталған жобаны іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану өз тиімділігін көрсетті», — деді ҚР вице-министрі.

    Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың алдында өңірлер бойынша барлық қажеттілікке талдау жүргізілгенін атап өтті. Бүгінде жалпы қажеттілік 91 мың орынды құрайды. Олардың ішінде ЖОО-лар бойынша — 68 мың, колледждер бойынша — 23 мың. Ең жоғары қажеттілік — Алматы қаласында – 31 мың орынға, Нұр-Сұлтан қаласында – 17 мың орынға, Шымкент қаласында – 8,4 мың орынға. Биыл берілетін 29 жоба барлық өңірлерде дерлік болады.

    Вице-министрдің айтуынша, жатақханалар салу жобасының жалпы құны 152 млрд тг құрайды. Бүгінде жоба толықтай қаржыландырылған.

    «Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі жобаны жүзеге асыруға 1 млрд теңге қарастырған. Алдағы жылдарда біздегі үш жылдық бюджеттік циклді ескере отырып, шамамен 14 млрд теңге көзделген. Негізінен бізде барлық бюджеттік есептер бар, бюджет комиссиясының оң шешімі бар. Жалпы, бұл жоба қаржылық қамтамасыз етілген. Қаржыландырудың жалпы көлемі 152 млрд теңгені құрайды», — деді Б. Асылова.

    Сондай-ақ, вице-министр төсек орнына жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы мәселе бойынша түсініктеме берді. Оның айтуынша, нысан құрылысы кезінде бір төсек орнына арналған мемлекеттік тапсырыс 122 АЕК және реконструкциялау кезінде 47 АЕК құрайтынын айтты.

    «Бізге екі есе қымбат жобалар ұсынылды. Бізге қымбат жобалар ұсынған оқу орындары да бар. Бұл негізінен техникалық жағдайларды кеңейту, жекелеген бөлмелердің болуы және т.б. мәселелермен түсіндірілді. Аталған тетік осындай қымбат жобаларды толығымен қамти алмайды. Сондықтан қажетсіз қымбат жобаларды қысқарту туралы тапсырма берілді», — деді вице-министр.

    Сондай-ақ, вице-министр бүгінде ҚР ИИДМ  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 120, 180, 240 орынға арналған үш үлгілік жобаны мақұлдағанын айтты. Барлық жобалар «Қаржы орталығы» АҚ сайтындаорналастырылған. Қол қойылған келісімшарттар бойынша 500 орындық жатақхананың орташа құны шамамен 800-900 мың теңгені құрайды.

    Оқылып жатыр

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Текеліде балдың жаңа дәуірі басталды: енді оны жеп қана қоймай, одан дәрумен жасайды

    21/08/2026

    Илон Масктың жаңа межесі: кәсіпкер дәулетін 10 трлн долларға жеткізбекші

    04/05/2026

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10/04/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.