Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Жамбыл облысында туризм индустриясының әлеуетін арттыру үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті

    Сапарбаев Жамбыл облысында туризм индустриясының әлеуетін арттыру үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті

    Өңір тынысы 04/06/2020
    https://atameken.kz/
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тарихы бай, ерекше мәдени-тарихи орындар мен табиғи ресурстарға ие бола тұра Жамбыл облысы әлі күнге дейін туризмді дамытуда бірқатар кедергілерді кешіруде. Өткен тарихы терең өңір алдында барша қазақстандықтар мен шетелдіктерді тартуға қабілетті қазіргі заманға лайық туризм индустриясын құру мәселесі тұр. Бұл туралы басқосу барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев атап өтті. Туризм саласындағы кадрлар тапшылығы, автожолдар сапасының нашарлығы, жол бойындағы сервис деңгейінің төмендігі секілді туризмнің дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты сараланды.

    Туризм басқармасы осы орайдағы мәселелерді шешу үшін туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуде.

    Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бұл бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бес тілде аудио және бейнегидтері бар «Taraz tour» мобильдік қосымшасындағы туристік нысандар санын 200-ге дейін арттыру көзделуде. Қазіргі таңда қосымшадан тек 37 нысанды табуға болады. Сондай-ақ жақында «Әулиеата» әуежайына Тараз туралы толық ақпар беретін smart-дүңгіршектер орнатылмақ.

    Басқарма сонымен қатар аудио және видео нұсқаулығы бар екі қабатты автобусты іске қосуды жоспарлап отыр. Тараз әйгілі «2GIS» мобильді қосымшасына (сандық карта) қосылады. Бұл туристерге басқалардың көмегінсіз өздеріне керек жерлерді тауып, дұрыс бағыттағы автобусқа отыруға көмектеседі. 200 туристік нысанда QR-кодтары орнатылады.

    Биыл Айша бибі, Қарахан, Бабажа-Хатун кесенелері, Керей мен Жәнібек ескерткіштері, Ақыртас және Тектұрмас этнотарихи кешені сияқты бес тарихи-мәдени нысандарда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Этноауылдар салу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілетін болады.

    Бүгінде  облыс бойынша тек жеті гид ресми тіркелген десек, салалық басқарма жыл соңына дейін олардың санын 50-ге жеткізуді көздеп отыр.

    М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбеков ЖОО-мен бірлесе жұмыс істеуді және «Туризм және сервис» кафедрасының түлектерін тартуды ұсынды.

    Сонымен қатар Ғани Майлыбаев Әулиеата өңірі туралы түрлі аңыздарды зерттеп, сол арқылы саяхатшыларды қызықтыруға ниетті екендігін жеткізді.

    Бұл мәселе бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы өзінің орамды ойын ортаға салды.

    – Бұл бағыттағы зерттеулердің маңызы зор. Тараздың басқа қалалардан өзіндік ерекшелігін айқындау керек. Мәселен, біз Сарыағашқа емделу үшін, Түркістанға ұлы бабаларымыздың рухына тағзым ету үшін барамыз. Сол секілді Тараздың да өз ерекшелігі болуы керек, – деді ол.

    Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының мыңжылдықтар тоғысындағы шаһар екенін көрсететін өзіндік бренді керек екенін атап өтті.

     «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер бұл ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді деп санайды. Тараздың екі мың жылдық тарихы туралы барлық қазақстандықтар біле бермейді.

    Ол көрші қалалар, соның ішінде ең алдымен Алматы арасында әуе рейстер ашуды ұсынды. Сонымен қатар балалар туризмі назардан тыс қалып отырғандығын алға тартқан Альбина Веймер жамбылдық оқушыларды тарихи орындарға апарып, таныстыруға ешкім аса ден қойып отырмағандығын айтты.

    Бердібек Сапарбаев осы ретте білім басқармасына арнайы кесте түзіп, ауыл оқушылары үшін Тараз қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.

    Сондай-ақ мейрамханалар мен қонақ үйлер ассоциациясының төрайымы Айгүл Ақшалова өз ұсынысын білдірді. Оның айтуынша, егер жергілікті қызмет көрсету саласы сын көтермесе, туристерді дәмді тағамдардың food-фестивальдеріне тартуға болады. 

    Жиынды қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев тиісті мемлекеттік органдар, туристік компаниялар мен қауымдастықтар бірлесіп туризм индустриясының әлеуетін арттыру үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті.

    – Өкінішке қарай мейрамханалар мен кафелерде қызмет көрсету деңгейі төмен, бұл  келушілердің сенімсіздігін тудырады. Жол бойындағы сервис те көңіл көншітпейді. Жоспарланған тоғыз сервистік кешеннің біреуі ғана Байзақ ауданында салынды. Қалған аудан әкімдері олардың құрылысын тезірек аяқтауды назарға алуы тиіс.

    Облысымыздың қолайлы аймақта орналасқандығын ұтымды пайдаланбаймыз. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі біздің өңір арқылы өтеді.  Ол жолмен күн сайын мыңдаған көлік қатынайды. Отардан Жуалыға дейін Әулиеатаның қасиетті орындары туралы ақпараттар жазылған билбордтар орнату керек. Коронавирустық пандемия ішкі туризмнің дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұған дейін танымал болып келген шетелдік курорттар бұрынғыдай аса қызығушылық тудырмайды. Мұны ішкі туризмнің дамуына серпін сыйлау үшін тиімді пайдалана білген абзал, – деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

    Жамбыл облысы туризм

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.