Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 27 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жемқорлықты жою – міндет

    Жемқорлықты жою – міндет

    Өңір тынысы 26.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтіретін ғаламдық індетке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп ұрандатып, мінберлерден аузымызды толтырып айтқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы.

    Жемқорлық дертіне қалай душар болдық? Онымен күресті қайдан және қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Бақуатты болу үшін ар-намысынан баз кешетіндер де бар. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері адамзаттың санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың етек алуы да осыдан. Осы қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлық деп қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға көтерілуін айтамыз. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күресті азаматтардың жүрегіне рухани ізгіліктерді, адами құндылықтарды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам жемқорлық сынды лас әрекеттен жанын таза ұстайды.
    Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер – нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастайтын болсақ, әрбір адам нәпсінің тұсауынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер еді.

    Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау, яғни, оның сана-сезімі мен сенімінің, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату қажет. Біздің қоғам адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз керек.
    Кез келген мемлекеттің басты құндылығы – адам. Қай мемлекеттің адами капиталы басым болса, сол елдің барлық салада ілгерілеушілігі байқалады. Бұл – ғылыми тұрғыдан дәлелденген тұжырым. Дамыған, өркениетті елдердің халқы білімді әрі бәсекеге де қабілетті. Яғни, олар тек кәсіби тұрғыдан емес, тұлғалық дамуға да ерекше көңіл бөледі. Отанды, отбасын сүю, қоғамға пайдалы әрекетпен айналысу және жеке жауапкершілікті толығымен түсіне білу тұлғалық дамудың алғашқы басымдылықтарының бірі болып табылады.

    Әрбір азамат немесе мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан артылған сенімді жауапкершілікпен сезінсе, еліміздің еңсесі тіктеліп, адалдықтың даңғыл жолының жолаушысына айналар еді.
    Біз сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты зиян екенін таңбалай бергеннен гөрі нақты іспен көрсеткеніміз жөн. Ол қалай болмақ? Меніңше, әркім өз құзыретін кәсіби қызмет көрсетуімен қатар, жоғары мәдениеттілігін, адамгершілік, шыншылдық пен жауапкершілікті де қатар алып жүрсе, жемқорлық факторларының қатары сейіледі.

    Танымал психолог Реймонд Кэттел Бернардың әдістемесіне сәйкес адамның бәсекеге қабілеттілігі үш факторға байланысты. Олар: тұлғаның зияткерлік, эмоционалды-еріктік және коммуникативтік ерекшеліктері. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тосқауыл болатын ар-намыс, ұят, отансүйгіштік қасиеттер эмоционалды-еріктік факторға жатады. Мұнда Кэттел тұлғаның тек кәсіби дамуынан бөлек, рухани тағылымның да аса маңыздылығын атап өткен.
    Қай саланың жүйесінде жемқор­лық әрекеттері бой көрсетсе, ол мемлекеттік жүйеден емес, сол жүйе­де жұмыс жасайтын адами фактор­дың әсерінен екені бесенеден белгілі. Яғни, тұлға адами құндылық­тардан ада болса, заңдарды жетілдір­генімізбен нәтиже беруі екіталай.

    Менің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясындағы магистрлік жобам дәл осы тақырыпта, яғни тұлғаның кәсіби және рухани дамуын жетілдіру болатын.

    Сәуле Төлекова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

    жемқорлық

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.