Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

    04.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 5 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

      04.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

      04.05.2026

      «Бәрібір шындық ашылады!»- «Дикий Арманның» видеосы тарады

      04.05.2026

      Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

      04.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тексерістен кейін нан бағасы қайтадан 85 теңгеге сатыла бастады

    Тексерістен кейін нан бағасы қайтадан 85 теңгеге сатыла бастады

    Өңір тынысы 26.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өткен демалыс күндері Тараз дүкендерінде нан бағасы 5-10 теңгеге өскен еді. Бұл шешім жергілікті билікпен келісілмеген күйі қабылданған. Жедел штаб қазір жағдайды жан-жақты зерттеп жатыр.

    Облыс әкімдігі тарапынан шұғыл шара қабылданғанның арқасында дүйсенбі күні ірі сауда орындарында ас атасы бұрынғыдай 85 теңгеден сатыла бастады. Тек аулалардағы шағын дүкендердің кейбірінде нан 5-10 теңгеге қымбатырақ босатылып жатыр.

    Қалада негізгі 6 наубайхана бар. Олардың бесеуі бағаны өсіру туралы шешімге келген көрінеді. Нанның қымбаттауын олар солтүстік өңірлерден келетін ұн құнының өсімімен түсіндіріп отыр.

    Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев тұрғындарды сабырға шақырып, жағдайдың реттелетінін жеткізді.

    — Мониторинг кезінде бірқатар нан өндірушілері нан бағасын 85-тен 95 теңгеге дейін өсіргені анықталды. қазір жедел штаб бұның қаншалықты қисынды екенін анықтау мақсатында тексеріс жүргізуде. Жергілікті билікпен ақылдаспай әрекет еткен кәсіпкерлер жауапқы тартылады, — деді ол.

    Тиісті мониторинг жұмыстары монополияға қарсы және салық органдарымен бірлесе жүргізілуде.

    — Нан бағасы бірнеше факторларға байланысты. Бірақ ең негізгісі – ұнның бағасына келіп тіреледі. Ал, қазір ұнның құны 115 теңгеден 130-140 теңгеге дейін өсіп кеткен,- деп атап өтті Берік Нығмашев.

    Облыс әкімінің орынбасары қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерделеу үшін барлық шаралар қолданылады деп сендірді.

    — Естеріңізде болар, өткен жылы осы уақытта нан бағасы өскен болатын. Сондықтан да биыл нан бағасын ұстап тұруға бағытталған алдын алу шаралары қабылданып, наубайханаларға ұн наурыз айынан қазанға дейін тұрақтандыру қорынан төмен бағамен берілген. Қазір тұрақтандыру қорында 500 тонна ұн бар. Қосымша тағы 2 000 тонна алынады. Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлар, оның ішінде нанның бағасын негізсіз өсіруге жол бермеуді тапсырды. Біз жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қолданатын боламыз. Қажетті ресурстарымыз жеткілікті. «Тараз» ӘКК ұн сатып алып, нан өндірушілерге төмендетілген бағамен ұсынбақ,- дейді облыс әкімінің орынбасары.

    Сөз соңында Берік Нығмашев Тараздағы нан бағасы басқа өңірлермен салыстырғанда арзан екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК әлеуметтік дүкендерінде ас атасы 55 теңгеден сатылуда.

    баға нан Тараз

    Оқылып жатыр

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    FlyArystan рейсі кешіккені үшін сотта оңбай жеңілді

    04.05.2026

    «Бәрібір шындық ашылады!»- «Дикий Арманның» видеосы тарады

    04.05.2026

    Вашингтонда Мұхтар Мағауин бейітіне құлпытас орнатылды

    04.05.2026

    Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы жаңа иесін тапты

    04.05.2026

    Илон Масктың жаңа межесі: кәсіпкер дәулетін 10 трлн долларға жеткізбекші

    04.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.