Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 24 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

      23.03.2026

      Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

      22.03.2026

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай 175: Жамбылда жыл бойында өткен шараларға қысқаша шолу

    Абай 175: Жамбылда жыл бойында өткен шараларға қысқаша шолу

    Өңір тынысы 10.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған көптеген шаралар онлайн форматта өтті.

    Жамбыл облысы да ұлы ақынның 175 жылдығына орай түрлі шаралар өткізді. Жыл басында Абай шығармаларын оқу челленджінен бастап, бүгінде «Абай оқулары» республикалық байқауы, Абайдың тілі — менің тілім!, «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» челленджі, «Хакім Абай» атты ақын шығармаларының аудармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындаудан облыстық Online байқауларда облысымыздың тұрғындары белсенді атсалысып жүлделі орыннан көрінді.

    24 ақпанда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ» атты облыстық ғылыми конференция өтті. Іс-шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тұрмаханбетова Рахия Сейтбекқызы ашты. Конференцияны Жамбыл облысы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы жүргізіп отырды.

    Конференцияда келесі ғалымдар мазмұнды, ғылыми негізделген баяндамалар жасады: — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы; — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мәуленов Алмасбек Анықбекұлы; — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жамбылтану орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бисенғали Зинол-Ғабден Қабиұлы;- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбарақ Сәмен Оразғалиұлы;- Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Саламатова Рахат Маханбетжанқызы.

    Бертін келем Киелі Абай жерінде ұйымдастырылған «Абай оқулары» республикалық байқауында 17 өңірдің жүзден жүйрік өзге этнос жастары бақтарын сынады. Ұлы ақынның шығармаларын насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауда жерлесіміз Алеханова Мухаббат жүлделі І орынды жеңіп алды.

    14 тамызда облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтудан Online байқау өтті. Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан іріктеліп алынған 17-35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені — тараздық Тоғжан Естемес, І орынды — байзақтық Ғайни Тыныштықова, ІІ орынды — Шу ауданынан Нұргүл Шолпанбаева, ІІІ орынды — қордайлық Айнұр Закирова жеңіп алды.Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушылар арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Қарашада мемлекеттік қызметкерлер қарасөз оқудан жарысты. 2020 жылғы 18 қараша күні ZOOM платформасында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жаңа қазақ әліпбиінде «Абайды оқы, таңырқа!» қарасөз оқу байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге дағдыландыру, жаңа қазақ әліпбиін насихаттау.Мемлекеттік қызметшілердің басын қосқан байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде, қатысушылар берілген мәтінді минутқа оқып, оқу жылдамдығына жарысты.

    Екінші кезеңде, қатысушылар ақынның өлең жолдарының жалғасын тапты. Үшінші кезеңде, әр қатысушы Абай туралы берілген викториналық сұрақтарға жауап берді.Нәтижесінде, I орынды Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасынан Абайқызы Ақтоты, II орынды Ауыл шаруашылығы басқармасынан Айнабекова Ақмарал, III орынды Еңбек инспекциясы басқармасынан Досмаханов Нұрбол мен Білім басқармасынан Дилдабекова Қаламқас иеленді. Онлайн байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен «Абай жолы» роман-эпопеясының электронды дискілері табысталды.

    Абайдың тілі — менің тілім! «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» челленджінің жеңімпазы облыстық полиция департаментінің майоры Анжелика Пронинаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқуы.

    Абай Құнанбаев

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.