Close Menu
    Оқылып жатыр

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 24 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

      23.03.2026

      Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

      22.03.2026

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әскери қызметші Тараздағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісін асырап алды

    Әскери қызметші Тараздағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісін асырап алды

    Өңір тынысы 30.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласындағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісі үшін биылғы жаңа жыл ерекше болды, себебі олар оны өз отбасында қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерді, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты нақты әрі айқын шешім қабылдады. Екеуі де «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады.

    Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы күштерде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің нығайтуына үлесін қосуда. Қызметтестері мен командирлері оны ісінің білікті маманы, тиянақты және тәртіпті адам ретінде біледі.

    «Үлгілі жане тәртіпті әскери қызметші, әскери мамандықты жақсы меңгерген. «Айбалта-2019» оқу-жаттығуында үздік механик-жүргізуші болып танылды, осы жылдың күзінде Үндістандағы «ҚазИнд-2019» оқу-жаттығуында кәсіби білімін лайықты көрсете білді. Біз оның жұбайымен бірге балалар үйінен бала асырап алу жөнінде шешім қабылдағанын білгенде таң қалдық және қолдадық» , — деп атап өтті әскери бөлім командирінің орынбасары майор Бағдат Әбдірахманов.

    Бастапқыда Бауыржан мен Ботагөз үш баланы асырап алуды ойлаған. Бірақ балалармен жеке танысқан кезде бір баланың аға-інілсі мен апа-қарындасы бар екені белгілі болған.

    Барлық балалардың ата-аналары бар, алайда өз міндеттерін дұрыс орындамауынан ата-ана құқығынан айрылған. Тек үшеуінің ата-анасы өз құқығынан айрылғанның мәртебесі жоқ. Заң бойынша оларды әзірге асырап алушы отбасына беруге болмайды. Бірақ Бауыржан мен Ботагөз алған ойынан қайтпайды. Олар сабырмен күтуде. Осы шешім қабылданғаннан кейін Исаевтар отбасы қазіргідей он емес, он үш бала болады.

    «Жұмыстан үйге оралғанда, балалар «әке» деп алдымнан жүгіртіп шығады. Үш жасар қызым Ангелинаны кіші болғандықтан көтеріп аламын, бір ұлым бушлатты шешсе, екіншісі әскери бас киімді алады. Осылайша бәріміз тату-тәтті үйге кіреміз», — дейді Бауыржан Исаев.

    Қазір Исаевтар әулеті жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда. Үйде шырша құрылып, балалар тақпақ жаттауда. Оларға ата-анасы, ата-әжесі, достары мен Аяз ата сыйлық береді. Балалар бір отбасының толыққанды бір мүшесі ретінде сезінеді. Биылғы жаңа жыл олар үшін шынымен де ерекше болады.

    әскер балалар үйі сарбаз Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

    23.03.2026

    Сөз бостандығы сынға түсті: журналистер Президентке жүгінді

    22.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.