Автор: admin

Қазақстанның өңір-өңіріндегі әкімдіктер Жаңа жыл мерекесіне бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz  ФБРК телеграм арнасы солардың бірқатарына шолу жасады. Дереккөз ұсынған ақпаратқа сәйкес, Семейде концерттік бағдарламаға 10 млн теңге, ал мерекелік безендіру жұмыстарына 55 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Көкшетауда жалпы шығынның 55,4 млн теңгеге дейін жететіні хабарланды. Қостанайда мерекелік шараларға 86 млн теңге қарастырылған. Оның басым бөлігі мұздан қалашық жасауға жұмсалады. Дегенмен қыс кеш келгендіктен, мұз қалашығы жасалмауы да мүмкін. Астанада мерекеге алдын ала болжам бойынша 365 млн теңге қарастырылған. Қаржы қаланың аудандары арасында бөлінеді: Байқоныр, Сарайшық, Сарыарқа және Алматы аудандарының әрқайсына 50 млн теңге, Есілге — 90…

Read More

9 желтоқсанда Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтіп, көлік-транзит саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz  Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Брифинг барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының (ҚТЖ) басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке «ҚТЖ-ның қарызы азайды ма, IPO-ға қашан шығады?» деген сұрақ қойылды. «КТЖ-ның долгы бар, бірақ… Менің орынбасарым», — деп шала жауап берген Талғат Алдыбергенов сұрақты орынбасарына сілтеген. ©видео кадры Есесіне премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкинді мақтады. Вице-министр көлік-транзит саласына цифрлық құралдарды…

Read More

Депутат Мархабат Жайымбетов премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға білім беру саласындағы жүйелі мәселелер туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tarazy.kz  Оның айтуынша, қазіргі мектеп жүйесі барлық балаға сапалы білім беруде қиындыққа тап болып отыр, бұған бірнеше себеп бар. «Біріншіден, шамадан тыс жүктеме, қағазбастылық, инфрақұрылымның теңсіздігі, сондай-ақ WhatsApp-тағы чаттар мен тапсырмалардың көптігі ұстаздың уақытын алып, оқушымен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық та айқын: бір аймақта жаңа мектептер салынса, басқа өңірлерде интернет пен техника жетіспейді», — деді ол. Сонымен қатар, депутаттың пікірінше, білімдегі олқылықты толтыру үшін ата-аналар балаларын репетиторға беруге мәжбүр. «Қазір репетиторлыққа сұраныс…

Read More

Қазақстанның Қаржы моноторинг агенттігі бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаевты қолға түсірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол 2025 жылдың 12 желтоқсанында елден шығып, БАӘ-ге ұшуды жоспарлап отырған. Сәрсембаев әскери техника сатып алу кезінде жасалған алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Аталған әрекет мемлекетке 600 млн теңге шығын келтіргені белгілі болды. Қазіргі кезде оған қатысты қамау шарасы қаралып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол заң бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Read More

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tarazy.kz Кеше сағат 10:54-те Алматы қаласы Алмалы ауданы Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Әсіресе, жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуға тиіс, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы…

Read More

Алматылық «Қайрат» грекиялық клубқа есе жіберді, деп хабарлайды Tarazy.kz 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен «Қайрат» пен Олимпиакос» ойыны аяқталды. Матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Матчта жалғыз әрі жеңісті голды «Олимпиакос» сапынан 73-минутта Желсон Мартинш соқты. Осы жеңісінің арқасында грекиялық ұжым Чемпиондар лигасында 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 26-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» 1 ұпаймен 35-орында тұр.

Read More

Ақтөбеде ер адам әйелін пышақтап тастаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Облыстың 41 жастағы тұрғыны қызғаныштан таңертең көршісінің үйінен мас күйінде бір ғана халатпен қайтып келген әйеліне пышақ жарақатын салған. Өзін қорғауға тырысқан әйел асүй пышағын қолға алғанымен, ер адам оны тартып алып, қарын тұсына пышақ сұғып жіберген. Жараланған әйелдің іші тұсына пышақ тиіп, ауруханаға жеткізілді. Сотта ер адам кешке әйелімен бірге алкоголь ішкенін, кейін түннің ортасында әйел үйден шығып кетіп, таңертең ғана бір халатпен оралғанын айтты. Оның сөзінше, ер адам көршісі әйелінің қалған киімдері мен кілтін әкеліп, «ұмытып кетіпті» деген соң ашуланып кеткен. Ал көршісінің өзі сотта әйелмен бірге бір шөлмек арақ…

Read More

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» МКК бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде оларды жасанды түрде бірнеше бөлікке бөліп, кейін көптеген келісімшарт жасау арқылы сатып алуды ұйымдастырған. Схеманы жүзеге асыру үшін ол медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартқан. Ол өзінің, туыстары мен таныстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Сонымен қатар, жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген. Ауруханадан…

Read More

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш берген. Алайда сот арқылы ресми түрде банкрот атану оған әзірге мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Биыл қыркүйек айында Нұрбол Назарбаев сотқа жеке тұлғаны банкрот деп тану туралы арыз жолдаған. Өтініш қабылданып, «соттық банкроттық процедурасын қолдану туралы» азаматтық іс қозғалды. Одан кейін қазан айында Shishkin Like Telegram-арнасы Нұрбол Назарбаевтың 15 қыркүйектен бастап борышкер ретінде тіркелгенін хабарлаған еді. Берешек сомасы – 57 миллиард теңге. Сол кезде оның барлық банк шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынғаны, сондай-ақ компаниялардағы үлестеріне шектеу қойылғаны айтылды. Бұған қоса, оған елден шығуға тыйым салынған.…

Read More

Алматы облысында Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы трассасында болған жол-көлік оқиғасы төрт адамның өмірін қиды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәлімет бойынша, Audi A6 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде көлік Nissan Cefiro-мен соқтығысқан. Қатты соққы екі автокөліктің алдыңғы бөлігінен келген. Апат салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысын департамент басшылығы бақылауға алғаны хабарланды.

Read More