Автор: admin
Түркиядан бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын экстрадициялады. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2019-2020 жылдары күдікті алдау арқылы Шымкент қаласының 4 тұрғынының ақшасы мен жер учаскелерін иемденіп, оларға шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген. Күдікті жәбірленушілердің қаражатын иемденгеннен кейін жауапкершіліктен жалтару мақсатында бой тасалаған, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Шымкент қаласында тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ер адам қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Otyrar.kz мәліметіне сүйенсек, бес қабатты үйдің бірінде балконды қаптау бойынша жалдамалы жұмыс атқарып жүрген азамат абайсызда бесінші қабаттан құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қазір тиісті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Tarazy.kz Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды. Осыған байланысты «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды. Тергеп-тексеру барысында «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады. Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының…
Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен бірқатар спортшы жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Tarazy.kz ҰОК-қа сілтеп. Ел қоржынына жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салып, Олимпиада чемпионы атанды. Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі өз жарыстарында алғашқы ондыққа кірді. Олардың кейбір жетістіктері тарихи маңызға ие болды. Илья Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді. Шаңғымен үлкен тұғырдан секіруде ол сегізінші орын алып, осы спорт түріндегі ұлттық рекордты жаңартты. Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 3000 метр қашықта алтыншы болып мәреге жетті. Бұл — 1998 жылы Людмила Прокашева Олимпиадада қола медаль алғаннан бергі ең…
Мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары барысында Америкада тұратын және білім алып жатқан отандастармен кездесу өтті. Президентпен жүздесу бақытына ие болған отандастар арасында Алматы қаласының білім беру жүйесінің өкілдері де болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазіргі уақытта «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында біліктілігін арттырып жүрген Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай және Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова Вашингтондағы кездесуге қатысты. Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Президент жас буынға үлкен үміт артатынын атап өтіп, мемлекет жастарды дамыту және олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға басымдық беретінін жеткізді. Әңгімелесу барысында алдағы республикалық референдумға ерекше назар аударылды.…
Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 10 адам сотталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында он сотталушыға (бір сотталушы қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған) қатысты қылмыстық іс қаралды. Тағылған айып: Сотталушылар қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, оған басшылық ету (ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2)-тармағы), қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру (жылыстату) (КҚ-нің 218-бабы 3-бөлігі 3)-тармағы), куәні жалған айғақтар беру мақсатында параға сатып алу (ҚК-нің 422-бабы 1-бөлігі) және пирамиданың жұмысына көмектесу бойынша айыптағылған. Істі қарау нәтижесімен анықталғаны: Сотталушы Қ. 2024-2025 жылдар аралығында аса ірі мөлшерде қаржыны тарта отырып қаржылық пирадимиданы құру және оған басшылық ету мақсатында, өзінің жобасын әлеуметтік желілерде…
Павлодар облысының прокуратурасы тексеру барысында салық міндеттемелерін жүйелі түрде төмендету деректері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Компаниялар сатылымның бір бөлігін есепте әдейі көрсетпеген. Мәселен, бір кәсіпорын 43 нысанды сатқан, алайда бұл мәмілелерді салық декларацияларында мүлде көрсетпеген. Соның салдарынан 77,8 млн теңге көлемінде табыс салығы төленбеген. Осындай заңбұзушылықтар облыстағы тағы он екі құрылыс компаниясының қызметінен де анықталған. Павлодар облысының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде бюджетке шамамен 120 млн теңге қайтарылды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінен кейін 18 жастағы спортшы Арыслан Атымтаев ауыр хәлде ауруханаға түсті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы туыстары мен құзырлы органдар мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Halyqstan телеграм арнасының мәліметінше, оқиға 15 ақпанда, қалалық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырған турнирдің екінші күнінде болған. Спортшының жақындарының айтуынша, жекпе-жектердің бірінде қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданып, Арысланды басымен төмен қарата лақтырған. Алайда төрешілер жекпе-жекті тоқтатпаған. Сол сәттен кейін Арысланның жағдайы күрт нашарлап, басын ұстап отырған. Біраз уақыттан соң есінен танып қалған. Жәбірленушінің әпкесі Іңкәр Қалиеваның сөзінше, жарыс орнында толыққанды медициналық көмек көрсетілмеген. «Оқиға орнында қажетті реанимациялық жабдықтары жоқ медбике болған. Жедел жәрдем кезекшілік етпеген,…
Екпе алмаған балалар сабаққа жіберілмейді, деп хабарлайды Tarazy.kz Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елде қызылшаға шалдығу деректері көбейіп жатқанын хабарлады. Ведомство дерегінше, тіркелген науқастардың 77,6 пайызы — екпе алмаған балалар. 2026 жылдың басынан бері қызылшаның 3343 жағдайы анықталған. Олардың 84,2 пайызы, яғни 2816-сы, 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының бірі ретінде табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және орман қорын молықтыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық парк 1996 жылы құрылған кезде оның жалпы аумағы 164 450 гектарды құраса, қазіргі уақытта парк аумағы 200 160 гектарға дейін ұлғайып, 30 жыл ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ көлемі 35 710 гектарға кеңейді. Бұл мемлекет тарапынан табиғи мұраны сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып табылады. Биыл Ұлттық парк аумағында 30 жылдыққа арналған 30 іс-шара өтеді. Бұл туралы «Іле Алатауы» МҰТП бас директоры Елнұр…