Автор: admin

Қазақстан мұнайы Оңтүстік Кореяға тасымалданады, деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде стратегиялық энергетикалық серіктестіктің келешегін талқылау үшін келген Корея Республикасының өкілетті делегациясымен бірқатар жұмыс кездесулері өткен болатын. Сапар аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Корея Республикасының жоғары лауазымды делегациясымен кездесу өткізді. Тараптар мемлекеттер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, ірі инфрақұрылымдық және технологиялық бастамаларды іске асыруға екіжақты мүдделілікті растады. Салалық ынтымақтастықтың практикалық мәселелері Корея Республикасының жаңа Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чон Кванмен өткен кеңейтілген кездесуде талқыланды. Ведомство басшылары отын-энергетика кешеніндегі бірлескен жобаларды дамытудың жаңа кезеңінің бағыттарын егжей-тегжейлі қарастырды. Күн тәртібінде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді.…

Read More

Атырауда құқық қорғау органдары жүйесінде ауқымды тексерулер жүргізілді. Аймаққа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өз қауіпсіздік департаменті барған, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тексеру қорытындысы бойынша кемінде екі басшы қызметінен кеткен, деп жазады Halyqstan. Олардың қатарында қалалық полиция басқармасының бастығы және облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жетекшісі бар. Сондай-ақ, күн тәртібінде Атырау облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бұрынғы басшысы Саламат Қалиевтің аты аталады. Дереккөздердің хабарлауынша, бірқатар қызметкерлерге, оның ішінде кадрлық блок өкілдеріне тәртіптік шаралар қолданылған. Алдын ала ақпарат бойынша, мұндай кадрлық шешімдерге қылмыстық істер аясында айғақ зат ретінде тіркелген есірткі заттарының айналымына қатысты қызметтік тексеру себеп болуы мүмкін. Дереккөздер…

Read More

Каспий теңізінің астымен тартылатын жаңа интернет кабелін Қытай компаниясы жүргізеді. Бұл туралы “Қазақтелеком” басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қытайдың Цзянсу провинциясындағы зауытына барған сапарында мәлімдеді. Ал осы жобаға қатысты пікір білдірген қазақстандық саяси шолушы аталған бастама Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін нығайтып, елдің халықаралық интернет дәлізіндегі рөлін күшейтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Бағдат Мусин не деді? “Қазақтелеком” басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қытайдың Цзянсу провинциясындағы зауытта “Каспий ТОБЖ” жобасына арналған суасты кабелінің өндіріс барысымен танысқан еді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған зауытта Еуропа мен Азия арасындағы дата-трафикке жаңа бағыт қалыптастыруға арналған 380 шақырымдық брондалған оптикалық кабель өндіріліп…

Read More

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz 24.kg басылымының күштік құрылымдардағы дереккөздеріне сүйенсек, 12 сәуірде Қырғызстан ҰҚМК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниель Рысалиев қылмыстық іс аясында жауап алу үшін ІІМ-нің тергеу басқармасына жеткізілген. Ресми органдар әзірге істің нақты қай бап бойынша қозғалғанын және оның қандай мәртебеде өтіп жатқанын жариялаған жоқ. Ал Kaktus.media мәліметінше, Рысалиевпен бірге Ыстықкөл облысындағы 6-басқарманың бұрынғы басшысы және ҰҚМК орталық аппаратының қазіргі қызметкері де ұсталған. Алдын ала деректер бойынша, олар кәсіпкердің шағымынан кейін «жемқорлық» бабы бойынша күдікке ілінген. Кәсіпкер өзіне заңсыз ақша талап етілгенін мәлімдеген. Рысалиев 2025 жылдың желтоқсанынан бастап ҰҚМК төрағасының орынбасары қызметін атқарып, киберқауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік…

Read More

Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады, деп хабарлайды Tarazy.kz Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.…

Read More

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады. Бұл туралы ол жексенбі кешінде Будапештте өткен жақтастарының митингінде айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz. Мұндай мәлімдеме Ұлттық сайлау комиссиясының алғашқы дерегі жарияланып, проеуропалық консервативтік оппозициялық «Тиса» партиясы айқын басымдыққа ие болғаннан кейін жасалды. «Сайлау нәтижелері әлі толық емес, бірақ бәрі түсінікті. Біз үшін нәтиже ауыр әрі айқын: елді әрі қарай басқару мүмкіндігі берілмеді. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым», — деді Орбан. Өз кезегінде «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр Дунай жағасында өткен митингте Орбан үкіметін шұғыл отставкаға кетуге шақырды. Ол өтпелі үкімет құру қажеттігін айтты. Алдын ала есеп бойынша «Тиса» партиясы парламентте басым орын алатыны…

Read More

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнде болған өрт салдарынан балалардың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tarazy.kz. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға берілмек. Оқиға орнында полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешенінің ауласын тұрақта тұрған көліктерден босатқан. Кейін полиция департаменті оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен қызметкерлердің бейнетіркегіштерінен алынған жазбаны жариялады. Кадрларда олардың бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскені көрінеді. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті түнгі өртке қатысты қосымша мәлімет берді.…

Read More

Әлеуметтік желіде өзбекстандық Facebook қолданушысы Абрар Зохидовтың қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдоровқа қатысты жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол шахматшылардың бірге түскен суретін жариялап, жазбасын жеңіл әзілмен өрбіткен. “Өзбек қыздары, осындай жігітті уыстарынан шығарып алды ма деп қаласың”, — деп жазған ол. Сонымен қатар жазба авторы Бибісара Асаубаеваның жетістігін де атап өткен. “Ол блиц шахматы бойынша үш дүркін әлем чемпионы, әрі ең жас әйел чемпион ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген”, – деп жазған автор. Сондай-ақ ол Жавохир Синдоровтың да қарымды шахматшы екенін айтып, Бибісараның да осал емес екенін жеткізген. Желі қолданушылары бұл жазбаға әртүрлі пікір білдіріп…

Read More

2026 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ауқымды жиынға педагогикалық мамандықтардың студенттері, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері, орта білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиынды Мансап орталығының басшысы Рақымберді Жетібай модератор ретінде жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — 2025–2026 оқу жылының екі семестрін қамтыған ұзақ мерзімді өндірістік іс-тәжірибенің нәтижелерін саралау, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау және университет пен мектеп арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту болды. Жиын барысында Абай университетінде педагогикалық тәжірибелердің бекітілген академиялық күнтізбе негізінде жоғары деңгейде…

Read More

Қалада жол, мектеп, LRT сияқты ірі жобалар көбейген сайын ескі үйлерді сатып алу жағдайлары жиілеп жатыр. Мұндай кезде үй иелері «бізге қанша өтемақы беріледі?» деген сұраққа жиі жауап іздейді. Осы мәселеге қатысты құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнұрова пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Кейінгі жылдары Алматыда инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соның әсерінен кейбір аудандар реновация аймағына кіріп, ескі үйлердің орнына жаңа нысандар салу жоспарланып жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, тек 2026 жылдың алғашқы үш айында мемлекет мұқтажы үшін 1400-ден астам нысанды алу жоспарланған. Бұл – қалада жаңарту жұмыстарының күшейгенін аңғартады. Сонымен қатар жеке құрылыс компаниялары да белсенді әрекет етіп жатыр. Әсіресе, қала…

Read More