Автор: admin
Астанадағы KazTAG агенттігінің кеңсесінде және бас редакторының пәтерінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz 29 желтоқсан күні кешке полицейлер KazTAG агенттігінің елордадағы кеңсесіне тінту жүргізу үшін келген. Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы Журналистер үйінде орналасқан ғимаратқа агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов пен оның адвокаттары да келген. Еске салайық, бұған дейін KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа ауыстырылған болатын. Бұл туралы адвокат Дәулет Жұмағұлов мәлімдеді. 23 желтоқсанда Әмір Қасенов Астананың Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырылған. Кейін оның адвокаттары бас редактордың ұсталғанын растаған. Қысқа уақыт ішінде екі ірі ақпарат құралы – KazTAG халықаралық ақпарат агенттігі мен Orda.kz – Қылмыстық кодекстің 274-бабы «көрінеу жалған…
Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz «Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпарат кейінірек беріледі», — деді министр. Еске салайық, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесудің болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған қазақстандық боксшының анализінен мельдоний атты тыйым салынған препарат табылғаны себеп болды. Кейін бұл жағдайға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пікір білдірді. Вице-министр қазіргі уақытта ведомство…
Депутат Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қол жеткізген жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заң жүзінде реттеуді ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бәпидің пікірінше, экс-президенттер, бұрынғы министрлер және мемлекеттік құпиямен жұмыс істеген өзге де лауазым иелерінің шетелге кедергісіз шығуы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан тәуекел тудыруы мүмкін. Сол себепті ол заңгер-депутат әріптестеріне осы бағытта заңнамалық бастама көтеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Депутат өз жазбасында Абзал Құспан, Марат Башимов, Бақытжан Базарбек және Үнзила Шапақ сынды құқық саласының өкілдеріне сұрақ жолдаған. “Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте…
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Құжатқа сәйкес, Алмазбек Атамбаевтан Қырғыз Республикасының ең жоғары айрықша белгісі – «Қыргыз Республикасынын Баатыры» атағы, сондай-ақ «Манас» орденінің II дәрежесі, «Данакер» ордені және «Данк» медалі кері қайтарылды. Бұдан бөлек, аталған марапаттарды беруге негіз болған бірқатар бұрынғы президенттік жарлықтардың күші жойылды. Атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған нормативтік актілер енді жарамсыз деп танылды. Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталған болатын. Бішкектегі Бірінші Май аудандық соты Қой-Таш оқиғасына қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды. Бұл іс бес…
Қазақстанның Қаржы министрлігі мобильді аударымдар саны мен сомасы шектен асқан жағдайда автоматты түрде айыппұл немесе санкциялар қолданылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, егер бір адам 100-ден көп аударым жасап, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асып кетсе, салық органдары алдымен түсініктеме сұрап, хабарлама жібереді. «Біз әрдайым айыппұл қолданбайтынымызды айтып келеміз. Алдымен хабарлама жіберіп, түсініктеме беру мүмкіндігін береміз. Мүмкін, осыдан кейін салық төлеуші өздігінен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы өтініш береді», – деді Біржанов. Хабарламаға жауап болмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексере бастауға құқылы. Тексеру қорытындысында расталған бұзушылықтар анықталса, салық міндеттемелері есептеледі. «Тек салықтық тексеру барысында барлық құжат…
Прокурор Абай облысындағы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен жүргізушіні 9,5 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұған дейін прокурор сотта жаңартылған айыптау актісін ұсынған. Онда айыпталушының кінәсін толық мойындауы жеңілдететін мән-жай ретінде көрсетілген. Ал қылмыстың кәмелетке толмағандарға қатысты жасалуы жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде бағаланған. Еске сала кетсек, 19 тамызда Абай облысының Үржар ауданында 55 жастағы жүргізуші үйдің қақпасы маңында ойнап жүрген алты баланы көлікпен қағып кеткен еді. Сол сәтте үшеуі — екі, бес және сегіз жастағы балалар оқиға орнында қаза тапты.…
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы қызметкерлері Шымкентте Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы Батырбек Мырзагелдиевті 20 млн теңге пара алған жерінен ұстады, деп хабарлайды Tarazy.kz EGov.press телеграм арнасының мәліметінше, бұл ақша алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасаудың “сыйақысы” ретінде берілген болуы мүмкін. “Алдын ала мәлімет бойынша, істегі залал мөлшері шамамен 200 млн теңгені құрайды. Қол түскен сома осы қаржының шамамен 10 пайызына тең екені айтылып отыр”, — дейді дереккөз. Қысқа уақыт ішінде бұл аудандық полиция бөлімі басшыларына қатысты тіркелген екінші ұстау дерегі. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер процессуалдық мақсатта жария етілмейді.
Оның ең бастысы – жазда ғана облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Данияр Уахитовтың істі болуы. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қызметіне кіріскеннен соң 4 айдан кейін Данияр Уахитовты аудан әкімінің орынбасары лауазымынан бірден басқарма басшысы деңгейіне көтерген болатын. Екеуі бұрын Ұлан ауданында бірге қызмет атқарған. Нұрымбет Сақтағанов – аудан әкімі, Данияр Уахитов – осы ауданға қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі болды. Тағайындау барысында өңір басшысы «Данияр Асқарұлы 17 жылдық еңбек өтілі бар, 9 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген мол тәжірибесі бар. Оған жолаушылар көлігінің үздіксіз қозғалысын, жолдардың мерзімінде және сапалы жөнделуін, өңірде жаңа жол магистральдарын салуды…
КХДР басшысы Ким Чен Ын Әскери-теңіз күштеріне қарасты нысанға барып, ядролық қозғалтқышы бар, салмағы шамамен 8700 тоннаны құрайтын стратегиялық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ЦТАК агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Агенттік мәліметінше, Ким Чен Ын сүңгуір қайықтың құрылысын жеке өзі қарап, қазіргі кезең бойынша баяндама тыңдаған. Онымен бірге кеме жасау саласының басшылары мен қорғаныс ғылымының өкілдері болған. Аталған сүңгуір қайық басқарылатын зымырандарды ұшыруға арналған стратегиялық атомдық кеме ретінде сипатталады. Жоба Кореяның Еңбек партиясының VIII съезінде бекітілген елдің қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған бес негізгі міндеттің қатарына кіреді. Ким Чен Ынның айтуынша, мұндай сүңгуір қайықты салу – КХДР-дың дербес қорғаныс саясатын іске…
25 желтоқсан күні Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің кіреберіс есігінен жігітті тоқ соғып, ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқиға Протозанов көшесіндегі №31 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, аталған үйдің домофонынан шамамен бір ай бойы адамдарды тоқ соғып келген. Алайда мәселе дер кезінде шешілмеген. Куәгерлердің сөзінше, соққан тоқтың күші соншалық, ер адамды бірнеше метрге дейін лақтырып жіберген. Тұрғындар бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде жігіттің жүрегі тоқтап қалғаны анықталып, реанимациялық шаралар жүргізілген. Кейін ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар жағдайға алаңдаушылық білдіріп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, үйде қарт…