Автор: admin
АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді. Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде. Еске салайық, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Келесі жылдан бастап Украинада балалар үйіне бала қабылдауды тоқтатады, — деп хабарлайды «Известия». Бұл туралы денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша орындаушы Ульяна Супрун мәлімдеді. Оның айтуынша, елде әлеуметтік қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары өз ата-аналарымен толыққанды өсе алуы үшін барлық жағдай жасалады. Басқа жағдайларда кәмелетке толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі. «Тіпті ең жақсы интернат отбасыны алмастыра алмайды. Іс жүзінде Украинада осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8 пайызы жетім балалар статусына ие. Қалғандарында анасы немесе әкесі бар, немесе қиын жағдайға тап болған және баланы тәрбиелей алмайтын ата-аналар да бар», — деп жазды Супрун Facebook желісінде. Осылайша, 2020 жылдан бастап балалар үйлері медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналады.…
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобының президенті доктор Бандар Хаджармен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараптар еліміздің ұлттық инвестициялық жобаларына Банктің одан әрі қатысуы мәселелерін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі. Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы оның біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нық ниетін көрсетеді. «Біздің мақсатымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту және сіздің еліңізде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Қазақстанды Люксембургтегі Сукук ислам…
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді. Ол соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда…
«Ливерпуль» футболшылары Чемпиондар лигасының финалында лондондық «Тоттенхэмді» жеңді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Ванда Метрополитано» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ойын барысында ЧЛ финалдарының тарихындағы ең жылдам пенальти тіркелді. Кездесудің екінші минутында «Ливерпуль» есепте алға шықты. Мусса Сиссокконың қолына тиген допты бас төреші Дамир Скомина аңғарып үлгерді. Пенальтиден Мұхаммед Салах мүлт кеткен жоқ. Ол Уго Льористі қапы қалдырып, командасын алға шығарды. Ойын басындағы бір голдан кейін шабуылдар бірсыдырғы жалғасты. Қауіпті сәттер болғанмен, көп гол соғылмады. Кездесу аяқтала бастағанда «Тоттенхэм» тәуекелге бел буды. Шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Бірақ 87 минутта Дивок Ориги өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, «Ливерпульдің» екінші голын соқты.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертіне барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады. Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте «КешYOU», Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті. Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан…
Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы қайта атқылай бастады. Жергілікті биліктің айтуынша, жанартаудан әзірге жақын мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ тұрғындарға бұл ауданға бармау керектігі ескертілді. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең биік жанартау болып саналады. Оның 400-ге жуық ойысы бар және жыл сайын солардың бірнешеуі оянып, күл мен шоқ шашып тұрады. Ал жанартаудың қатты атқылауы соңғы рет 1992 жылы тіркелген. https://youtu.be/qBvRCfZwOHc
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 миллиард теңгені құрады, соның ішінде 20,1 пайызға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды. Негізгі…
Таразда көп қабатты тұрғын үйде болған өрттің неден шыққаны әлі анықталмай жатыр. Шығын көлемі де нақтыланбаған. Мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Естеріңізде болса, 5-ықшам аудандағы үйлердің бірінің шатыры отқа оранып, түгел жанып кеткен болатын. Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 3 сағат бойы арпалысып, әрең өшірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір 120 пәтерлі баспана толықтай су, газ, электр желісінен ажыратылған. Тұрғындардың барлығы маңайдағы мектептерге орналастырылды. «Қазір жүріп тексеріп жатыр. Подъездерді. Қалай анықтайды кеткен жерлерінің бәрін бекітіп тегістейді. Сосын осының бәрін қайтадан подъезбен суын, светін қосамыз. Екі мектепте жатақхана қазір матрастарын бәрін түсірдік. Әрқайсысына 100…
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 200-ден астам спорт алаңы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 86-сы Тараз қаласында, қалғанын 10 ауданда салу жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бюджет қаражаты мен демеушілік қолдау негізінде жүзеге асады. Өңірде осы бағытта арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аймаққа 252 спорт алаңшасының қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар жөндеуді қажет ететін 203 нысан нақтыланып, бүгінгі күнге дейін оның 132-і ретке келтірілді. Айта кету керек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, қазір өңір халқының 29 проценті бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданады. «2019 жылы аудан бойынша 120 спорт алаңшасын…