Автор: admin

Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy ақпараттық агенттігі. Біржан Сартбекұлы Сөктай 1981 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біржан Сартбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті. Б.Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумына қатысты. Форум алдында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей жастарының STARTUP-жобаларының көрмесін аралады. Сондай-ақ, Қостанай облысы Жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жиынға қатысушыларға арналған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумның білім мен тәжірибе алмасуға, пікірлестер тауып, ортақ мақсаттар мен жоспарлар жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. – Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында елімізде еріктілердің қозғалысына айрықша…

Read More

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды. Үкімет басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен…

Read More

Сарапшылар ғасыр соңына дейін климат қалай өзгеретіні жайлы өз болжамдарын жасады. Олар әлемдік мұхит деңгейі қаншалықты көтерілетінін басты назарға алған. Мұздықтарды зерттеумен айналысатын ғалымдар тобы Гренландия мен Антарктикадағы жағдайды бақылаған. Олар ғаламдық жылыну әсерінен мұздықтардың жылдам еруіне алаңдауда. Зерттеушілер 2100 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 7 футқа дейін (2,13 метр) көтеріледі деп болжауда. Мұның салдарынан 1,79 миллион шаршы километр жер су астында қалуы мүмкін. Оның ішінде Лондон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк пен Рио-де-Жанейро қалаларына төнер қауіп көп. Сондай-ақ аралдық мемлекеттер жер бетінен жойылуы мүмкін, — деп жазады The Independent. Әлемдік мұхит деңгейі 2 метрге көтерілетін болса, 187 миллион адам жаңа қоныс іздейтін…

Read More

Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы негізінде мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты. «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл — батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», — деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін…

Read More

Күні кешегі 9 мамыр – Жеңіс күнін Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғындары ерекше көңіл-күйде атап өтті. Ерекше дейтін себебіміз, еліміздегі ретрокөліктерді құрастырумен айналысатын бірден-бір автошебер Мейірхан Кәрібаев сонау Алматы қаласынан 1940 жылы шығарылған, ел ішінде «вильс» деген атаумен белгілі болған «Газ-67» көлігін айдап келіп, ауыл тұрғындарына тың тарту жасады. Мейірхан Баймаханұлы өзімен бірге белгілі режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақовты ерте келіпті. Осы күні қарапайым ауыл тұрғындары көне көлікті тамашалап, белгілі актермен шүйіркелесіп, бір жасап қалды. Ал біз үшін айтулы автошебердің өзімен сұхбаттасудың сәті түсті.– Мереке күні Алматыдан ауылға арнайы атбасын бұрып келуіңіздің бір себебі…

Read More

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда шығарылған көліктердің нақты санын мәлім етті. Жылдың алдыңғы 4 айында қазақстандық автозауыттан 12 870 автокөлік шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғары. Барлық көлікті құрастыруға кеткен қаржы – 83,9 миллиард теңге. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндіру 37,9 пайызға артқан. Тек сәуір айында 3 368 автокөлік сатылып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді. Есепті уақытта ең көп сатылған көлік маркалары: 1) Lada – 4664 2) Hyundai – 3405 3) KIA – 1240 4) Skoda – 290 5) Chevrolet – 233 6) JAC – 160 7) UAZ – 116 8) Ravon –…

Read More

Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы мен Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың жылдық қуаты — 400 мың тонна. «Біздің компания Жамбыл облысында кальцийленген сода өңдеу зауытын салады. Жобаға 300 млн доллардан астам қаражат құюды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні Сұркөл кенінде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі кен өндіру келісімдері бұрын жасалған. Сол себептен, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын әзірленуде. Жамбыл облысының әкімі толығымен қолдау көрсетуге дайын. Біз былтыр тиісті меморандумға қол қойған болатынбыз. Биыл енді толық келісімге қол қойылып отыр», — деді компания басқарма төрағасының орынбасары Альп…

Read More

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ турын «Тараз» Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізді. Ойында алаң иелеріне 3:0 есебімен есе жіберіп, ұпайсыз қайтты. Ордабасы ойындағы екі голын бірінші таймда-ақ соғып үлгерді. 7 минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, араға 10 минут сала Жоао Пауло гол авторы атанды. Ойын аяқталар тұста Май Сифиве Махлангу шымкенттік команданың үшінші голын соқты. 20 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Тараз» 10 ұпаймен 9-орында келеді. ХІ тур ойындарының нәтижелері 18 мамыр «Оқжетпес» — «Қайсар» 1:2 (1:1) Гол соққандар: Барсегян Тигран 10 (0:1) , Алмейда Алвес Данило 37 (1:1) , Джон Джошуа 74 (1:2) «Тобыл» — «Атырау» 3:0 (1:0) Гол…

Read More

Қалтасына ақша түссе, қыз-келіншектердің базар аралайтын әдеті бар. Бұл үрдіс қазір, тіпті үдеп кетті. Мәселен, Алматыдағы ірі сауда орындарында жасөспірім қыздардың да киім-кешек іздеп, тамақтану орындарында тапжылмай әңгімелесіп отырғанын жиі көруге болады. Мұны бүгінгі тілмен айтқанда – шопинг дейді. Ағылшын тілінен аударғанда «бос уақытта керек заттарыңды алу үшін дүкен аралау» деген мағынаны білдіреді. Ал қарапайым базардың жөні бір бөлек. Айталық ел арасында қалыптасқан атауы бар «қара базар» нақты тауар алуға келген кісілер үшін қайнаған қазан секілді. Осы жерге келетіндер қаланың қалталы азаматтары деуге болмайды. Негізінен табысын талғажау етуге жетерлік немесе өзге аймақтардан келген ағайын. Олардың бір бөлігі – той-томалақ қамымен…

Read More