Автор: admin

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда шығарылған көліктердің нақты санын мәлім етті. Жылдың алдыңғы 4 айында қазақстандық автозауыттан 12 870 автокөлік шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғары. Барлық көлікті құрастыруға кеткен қаржы – 83,9 миллиард теңге. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндіру 37,9 пайызға артқан. Тек сәуір айында 3 368 автокөлік сатылып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді. Есепті уақытта ең көп сатылған көлік маркалары: 1) Lada – 4664 2) Hyundai – 3405 3) KIA – 1240 4) Skoda – 290 5) Chevrolet – 233 6) JAC – 160 7) UAZ – 116 8) Ravon –…

Read More

Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы мен Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың жылдық қуаты — 400 мың тонна. «Біздің компания Жамбыл облысында кальцийленген сода өңдеу зауытын салады. Жобаға 300 млн доллардан астам қаражат құюды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні Сұркөл кенінде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі кен өндіру келісімдері бұрын жасалған. Сол себептен, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын әзірленуде. Жамбыл облысының әкімі толығымен қолдау көрсетуге дайын. Біз былтыр тиісті меморандумға қол қойған болатынбыз. Биыл енді толық келісімге қол қойылып отыр», — деді компания басқарма төрағасының орынбасары Альп…

Read More

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ турын «Тараз» Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізді. Ойында алаң иелеріне 3:0 есебімен есе жіберіп, ұпайсыз қайтты. Ордабасы ойындағы екі голын бірінші таймда-ақ соғып үлгерді. 7 минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, араға 10 минут сала Жоао Пауло гол авторы атанды. Ойын аяқталар тұста Май Сифиве Махлангу шымкенттік команданың үшінші голын соқты. 20 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Тараз» 10 ұпаймен 9-орында келеді. ХІ тур ойындарының нәтижелері 18 мамыр «Оқжетпес» — «Қайсар» 1:2 (1:1) Гол соққандар: Барсегян Тигран 10 (0:1) , Алмейда Алвес Данило 37 (1:1) , Джон Джошуа 74 (1:2) «Тобыл» — «Атырау» 3:0 (1:0) Гол…

Read More

Қалтасына ақша түссе, қыз-келіншектердің базар аралайтын әдеті бар. Бұл үрдіс қазір, тіпті үдеп кетті. Мәселен, Алматыдағы ірі сауда орындарында жасөспірім қыздардың да киім-кешек іздеп, тамақтану орындарында тапжылмай әңгімелесіп отырғанын жиі көруге болады. Мұны бүгінгі тілмен айтқанда – шопинг дейді. Ағылшын тілінен аударғанда «бос уақытта керек заттарыңды алу үшін дүкен аралау» деген мағынаны білдіреді. Ал қарапайым базардың жөні бір бөлек. Айталық ел арасында қалыптасқан атауы бар «қара базар» нақты тауар алуға келген кісілер үшін қайнаған қазан секілді. Осы жерге келетіндер қаланың қалталы азаматтары деуге болмайды. Негізінен табысын талғажау етуге жетерлік немесе өзге аймақтардан келген ағайын. Олардың бір бөлігі – той-томалақ қамымен…

Read More

Көкшетау. Қарғын су шаһарға таңғы сағат төрт жарым шамасында жайылған. Қаланы қақ жарып өтетін Қылшақты өзені аяқ астынан қыңыр мінез танытты. Қаланың байырғы тұрғындары жаз бойы жылап қана ағатын, арнасы тар, суы аз өзеннің соңғы рет қашан мінез көрсеткенін естеріне түсіре алмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей, қала жұртшылығын таң сәріден естерінен тандыра жылы көрпелерінен жұлып алған – Ивановка су қоймасынан босатылған қарғын су екен. Оның үстіне, дәл сол күні қызыл асықтан келетін қырбақ қар жауған. Ауаның температурасы 7 градус шамасында. Қар бірден еріп кетті де, су қоймасынан аққан қызылсумен бірге Қылшақты өзенінің аңғарына құйылды. Өзен мұзы әлі еріп үлгермеген. Сол…

Read More

Еліміз егемендік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта жол апатынан көз жұмғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерден әлдеқайда көп. Бұл ел ішіндегі еспе әңгіме. Шындыққа қаншалықты жанасымды? Оған көзіміз жетпейді. Алайда қара жолда дәм-тұзы таусылғандардың қатары өте көп. Жол жөнделіп, қауіпсіздік қатайса да қала мен далада жол апаты жиілеп, бейбіт күнде азаматтардан айырылып жатырмыз. Мәселен, соңғы бір аптада темір көлікте тынысы тоқтап қалғандардың санын саусақ бүгіп санауға тура келеді. Елорданың өзінде автобус апатынан екі адам көз жұмып, 36 жолаушы ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 азамат ауыр халде жатыр. Жазымнан кейін амалсыз аяғын кестіргендер бар. Дәл сол мезгілде Алматыда бір үйлі…

Read More

Қызметіне жаңа кіріскен кез келген президенттің алғашқы ресми сапары аса маңызды. Сол арқылы қай елдің басты стратегиялық серіктес екені айқындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. Айта кеткен жөн, президент В. Путиннің шақырумен. Мемлекет басшысы Мәскеу сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына берген сұхбатында мұны айрықша атап өтті. Бұдан мынадай ой түюге болады: бізбен жақын қарым-қатынасқа терістік көршіміз ерекше мүдделі. Себебі де белгілі. Батыспен арадағы тоқтаусыз текетірес, салмағы барған сайын ауырлап жатқан санкциялар, шетелдік инвестиция мен заманауи технологиядан қағылып, тек мұнай мен газға иек артқан экономика. Тегі бір туысқандардың теріс бұрылып, кәрі құрлыққа ұмтылуы… Мұндай жағдайда, сөз жоқ, өзара сыйластықты, тең…

Read More

Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров кісі қайтыс болған кезде үйіндегі қоштасу түнінің «күзеттің» форматын өзгертуді ұсынды. Имамның пікірінше, қазіргі таңда соңғы сапар ысырапқа айналып барады. Jas qazaq: Дүниеден өткен кісіні өз үйінде «күзету» қайдан шыққан, оның шариғаттағы және дәстүрлі негізі қандай? Б.Мансұров: Бұрынырақта ата-бабаларымыз қайтқан кісіге жеке киіз үй тігіп, оның сүйегін оңашада күзеткен. Марқұмды екі күн күзетудің екі себебі болған. Біріншіден, «Ажал адамға айтып келмейді». Яғни адам баласы «бүгін яки ертең өлім келеді» деп, еш уақытта ажалға дайын отыра алмайды. Мысалға, отбасында адам қайтыс болған кезде, ол әулет жайлауда отыруы мүмкін. Қазақтың бұрынғы тұрмысына үңілер болсақ, мұндай жағдайда кісінің ұл-қызы,…

Read More

Радикалды бағыттағы сәләфизмнің жетегінде кеткен Ержанның (есімі өзгертіліп алынды) жазасын өтеп жатқанына биыл екінші жыл. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған азамат ақиқатты интернеттен іздеп, бүгінде оңбай қателескеніне өкініп отыр. Жас жігіт жүрек түкпіріндегі сырын оқырманмен бөлісуді жөн көрді. Ата-әжем бұған шыдай алмас еді… Жұмақты уәде ететін Дарын Мүбәров сияқтылар талай адамның өміріне балта шапты. Қаншама қазақ баласы Ауғанстан, Пәкістан, Сирия жерінде көз жұмып, қаншама ана зар жылап қалды», – деп әңгімесін бастаған Ержаннан өзі туралы көбірек білуге тырыстық. Ержан – Ресейде туған. «Бастауыш сыныпты да сол жақта оқыдым. Ата-анам әжептәуір жұмыста болды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдары…

Read More

Англияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны жарты сағат бойы күн астында тұрамын деп күйіп қалды. Оның қолын үшінші дәрежелі күйік шалған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. Венди Сеннетттің айтуынша, ол 4 мамырда Бирмингем қаласындағы пейнтбол клубқа барғанда қолын күйдіріп алған. «Мен күн астында жарты саған қана жүрдім. Кейін қарасам, қолыма қараудың өзі қорқынышты. Оң қолымнің ісіп кеткені сонша, саусақтарымның сүйегі көрінбей қалды», — дейді ол. Бұған дейін 58 жастағы әйел көмейдің қабынуын емдеу үшін бірнеше апта бойы стероидті препарат қабылдаған болатын. Ал, сол дәрілердің әсерінен оның терісі өте сезімтал болып қалған. Бірақ, ол дәрі-дәрмектертің қаптамасын дұрыстап оқымағандықтан, одан жағымсыз әсерлер болатынын білмеген. Енді…

Read More