Автор: admin
Бұдан бұрын Димаш әлемдік музыканың аңызымен дуэт құратынын айтқан болатын. Димаш Құдайберген өзінің Istagram-дағы парақшасында италиялық аңыз әнші Андреа Бочеллимен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып,батасын берді. Көргеніме қуаныштымын, аңыз тұлға, – деп жазды ол. Ұлы тенор Бочелли Димашқа сәттілік тілеп, оның дауысын керемет деп бағалады.
Маэстро Ержанды ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. – Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол, – деп жазды әнші…
Ол «World music award» жүлдесінің жеңімпазы. Сурет : Getty Images/Steve Granitz15 Мамыр 2019, 08:55 Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызықтырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялағандай, қазір ол әлемдік деңгейдегі бір аса қызықты жоба дайындауда. – Әлемдік музыканың аңызымен дуэт дайындап отырмыз… «World music award» жүлдесінің жеңімпазы, керемет әнші. Оны бүкіл әлемде миллиондаған адам сүйсініп тыңдайды. Кім екенін кейін білесіздер, – деп жазды Димаш. Қазақстандық әншінің жанкүйерлері енді ол кім екен деген болжамдарын жасауда.
Құдайберген Кремльде өнер көрсетті. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Кремльде концерт қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Видеоның бір бөлігі әншінің YouTube-тегі каналында жарияланды. Концерт 2 сағат 20 минутқа созылады. Әншінің жеке концерті Кремльде 22 наурызда өткен болатын Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.
Ол енді «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметін басқарады. Әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлы тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Sputnik. «Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», – деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер…
Германия туралы орыс эмигранты бірден байқайтын 14 қызықты дерек. Немістің үнемділігі мен ұқыптылығын бәріміз білеміз. Тәртіп қанында бар халық. Германия дегенде орыс эмигранттарын таң қалдыратын 14 ерекшелік мынау: 1. Банкроттық. Қарыз Фото: museumsdorf.info. Германия қарызы бар адамдарға кешіріммен қарайды. Миллиондаған қарызы барлар да емін-еркін бостандықта жүреді. Тек банкрот болдым деп жариялап, кез-келген тұрақты жұмысқа орналасып алсаңыз – ай сайын сізге 1000 евро төленеді, қалған ақша қарызды өтеуге жұмсалады. 2. Заттарды жөндеу Германияда жөндеу деген өте қымбат. Сағат болсын, тұрмыстық техника, автокөлік болсын – жөндеу құны арзан болған емес. Бұл елдің адамдары сынған затты жөндеуге апарғанша, лақтырып жібергенді жөн санайды. 3. Сыра…
Оның айтқаны ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр. Мына бейнеролик уатцаптан келіпті, деп жазды facebook-тегі белсенді Геройхан Қыстаубаев. «Жалпы, бір қарағанда, бұл ролик анаға деген адалдықты паш етеді. Тіпті кейіпкер де, оны тыңдап отырған жүргізушілер де көздеріне жас алып отыр. Көрермендердің де сондай күйде отырғандары бар болар. Алайда, ойланып қарағанға, бұл ұлттық дәстүріміздің аясынан шығып, салдарынан, өте жаман – анайы, көріксіз қылықтарды санамызға сіңіріп тұр! Кәмпиттің жылтырақ қағазына боқты орап бергендей… Болмаса, «анамның аяғын сүйемін, қолымды салып жіберіп көкірегін ұстаймын, сүйемін» деген не масқара?! «Бір бірімізге ұзақ қарап тұрамыз, қимай» деген не сөз? Осы жағдайларды көз…
Әншінің айтуы бойынша, одан туфли мен нәскиін шешуді талап еткен, дау содан шықты. Дос Мұкасан тобының әншісі Мұрат Құсаинов мен әуе компаниясы қызметкері арасындағы әуежайдағы даудың себебі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға 17 сәуірде Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшатын КС 852 рейсіне отырғызу кезінде орын алған. Мұрат Құсайынов жайсыз оқиға болғанын растады. Әртістің сөзінше, әуежайда одан туфли, нәскиін шешуді талап еткен. Ол шешпеймін деп қарсылық білдірген. Дауысы қатты шығып кетіп, оны рейстен түсіріп алған. Сонымен қатар, Мұрат Құсайынов ешкімді ұрмағанын, итермегенін атап өтті. – Ешкімнің маңдайынан ұрғаным жоқ, – дейді ол.
Сіз көктемсіз, ал мен күз… Жаңа таныс, жаңа жүз, Сіз көктемсіз, ал мен күз. Өлең оқып берейін, менен күдер үзбеніз… Жанарымда жүзбеңіз, езуімде күлмеңіз. Жүрегімнен орын ап, бекер жалғыз жүрмеңіз. Мен туралы білмеңіз, өмір шіркін, жыр- теңіз! Жүрегімді абайсыз, Ұрлап кетіп жүрменіз… Әсел Назаралы, ақын
Кабаева өзінің жеке өмірі туралы тіс жарып ештеңе айтпайды. Алина Маратқызы Кабаева 1983 жылы 12 мамырда Ташкентте дүниеге келген. Көркем гимнастикамен Алина 3,5 жасында айналыса бастады, 11 жасында спорттық әлеуетін дамыту үшін шешесімен бірге Мәскеуге көшкен. Кабаеваның денесі толып кетуге тым бейім. Соның әсерінен жастайынан жаттығуда алдына жан салмайтын әдет қалыптастырған. 2001 жылы допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілді. Спорттық карьерасын 2007 жылы аяқтаған. 2008 жылдың 12 сәуірінде Московский корреспондент басылымында Кабаева мен Владимир Путин үйлену тойын жасайды деген жаңалық шықты. Ол жаңалықты Spiegel, Stern, Die Welt, Die Presse көшіріп басқан. New York Post және Paris Match басылымында Кабаева мен Путиннің…