Автор: admin

Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн. Сонымен қатар Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты. Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында Қазақстанның бастамасымен қабылданған Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар кездесуде ҰҚШҰ…

Read More

10 маусымда ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған «All ability Camp» спорттық-мотивациялық лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 200 бала қатысады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.   Жоба мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету. Лагерь қатысушылары 7 күн бойы Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімделген спорт түрлерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, олар өмірге құлшынысты арттыру дәрістері мен ойындарына қатысады. Жобаның ерекшеліктерінің бірі оның мүгедектігі бар балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы, атап…

Read More

Көпшіліктің талабына орай Қазақстанда уақыт қайта ауысуы мүмкін. Себебі E-Petition.kz сайтында сағатты қайта ауыстыруды талап еткен азаматтардың саны қажетті мөлшерден асып, петицияны ҚР сауда және интеграция министрлігі қабылдады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қазақстан аумағында осы жылдың 1 наурызында бірыңғай сағат белдеуі ресми түрде енгізілген. Алайда соңғы уақытта тұрғындар тарапынан наразылық жиі айтылуда. Себебі бүкіл ел аумағына 1 сағаттық белдеуде болу қолайсыздық тудырған. Осыған орай, E-Petition.kz сайтында қол жинау басталды. Қажетті 50 мың қолдан асқан соң Үкімет халық талабына құлақ асуы тиіс. ҚР сауда және интеграция министрлігі петицияны қабылдап, қарастыруды бастағанын мәлімдеді. Арнайы жұмыс тобы құрылатынын, оның құрамына арнайы мамандар, үкіметтік…

Read More

“Теріскей бізге аманат” деп солтүстік өңірге адамдарды көшіруге үндеп жүрген белсенді Бурахан Дақанның Қызылжар маңындағы Сергеевка ауылындағы үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Оның айтуынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Қызыл жалын баспананы түгел шарпып, барлық дүние мүлік өртеніп кетіпті. Отбасы мүшелері сыртқа шығып үлгеріпті, ешкім зардап шекпеген. Ештеңесіз қалдық деген Бурахан көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрмін дейді. “Бөрі арығын білдірмес, сыртқы жүнін қампайтып” демекші, өздеріңізден көмек сұрап тұрмын, ағайын! Бір қабат киіммен ғана сыртқы жүгіріп шықтық. Басқа киім-кешек, дүние отқа оранды. Мұндағы үйлер ағаштан салынған. Ал сырты мынадай пеноплекспен қапталған…

Read More

Жуырда Парламент қабырғасында депутаттар ұлттық ойын тоғызқұмалақ атауын «тоғызат» деп өзгертуді ұсынған еді. Ал бүгін бір топ қоғам белсенділері «Қазақстан барысы» атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат агенттігі.  «Ұлы қазақ» деп аталатын қоғамдық бірлестік Алматыда жиын өткізді. Өткен жылы ұйымды заңды түрде Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігі деп тіркеуден өткізген белгілі кәсіпкер Құсман Шалабаев еді. Құсман Кәрімұлы Алматы қалалық Қазақ тілі қоғамына жетекшілік етеді. 2023 жылы АҚШ-қа бір топ азаматпен барып, Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігін таныстырып, тұсауын кесіп, сол ұйымның басшысы атанып қайтқан. Сол бірлестіктің ұйымдастыруымен Алматыда жиын өтті. Басқосуға қонақ ретінде белгілі тарихшылар, түркітанушылар мен алаштанушылар, этнографтар мен өнер…

Read More

«Қазгидромет» РМК 9 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз Алматы, Қызылорда, Жетісу облыстарында күн қатты ысиды. Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Абай өңірінің батысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады. Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде өрт…

Read More

Мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі саналатын Құрбан айт биыл 16 маусым күні басталатын болды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы ҚМДБ мәлімдеді. Бұған дейін биылғы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға тура келетіні айтылған. Діни басқарманың айтуынша, күнтізбедегі атаулы датаны дәл анықтау үшін айдың тууын бақылау керек екен. “Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал…

Read More

Швейцариялық Glencore Plc компаниясы Қазмырыш (Казцинк) тау-кен компаниясындағы өзінің 70% үлесін Қытай инвесторларына сату мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл ақпаратты әуелі Bloomberg өз дереккөзіне сілтеме жасап таратты. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР АҚШ «шетел агенттері» туралы заң қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды Сонымен қатар, Glencore Қазмырыштың иелігіндегі Васильковское алтын кен орнын сату процесінде. Бұрын бұл активті жеті жыл бұрын да сатпақ болған. Негізгі фактілер: Сатылатын активтер: Қазмырыштағы 70% үлес және Васильковское алтын кен орны. Әлеуетті сатып алушылар: Қытайдан келген инвесторлар. Үлестің мәні: Glencore компаниясының 70% үлесі бірнеше миллиард долларға бағалануы мүмкін. Сату процесі: талқылаулар алдын-ала сатыда және мәміле жасасуға жеткізілмеуі де мүмкін. Glencore…

Read More

АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде «Грузин арманы» билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер ақпарат таратты tarazy.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап. АҚШ «шетел агенттері» туралы заңға қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды ⁣ АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде «Грузин арманы» билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер хабарлады, деп хабарлайды Reuters. ⁣ ⁣…

Read More