Автор: admin
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылғы блиц шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Айта кетейік, блиц — жылдам шахматтың бір түрі. Финалда қазақстандық спортшы украиналық Анна Музычукты төртінші, шешуші партияда жеңді. Бұған дейінгі үш партия тең нәтижемен аяқталған. Турнир Қатар астанасы Доха қаласында өтті. Асаубаева алдымен швейцариялық жүйе бойынша өткен кезеңде 15 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол қытайлық Чжу Цзиньэрге қарсы ойында толық басымдық танытып, үш партияны қатарынан жеңіп шықты. Финалда Бибісара Асаубаева Украина өкілі Анна Музычукпен кездесті. Алғашқы үш партия тең аяқталып, төртінші, соңғы партияда қазақстандық шахматшы қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион…
Qazaq Stroy компаниялар тобының негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Артықбаев Қазақстандағы ірі мыс өндіруші Қазақмыс компаниясын сатып алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Өнеркәсіп алыбын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталғаны туралы Forbes.kz хабарлады. Сату құны мен мәміле үшін пайдаланылған қаражаттың қайдан алынғаны жария етілген жоқ. Желтоқсан айының басында «Қазақмыс» активтерді сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растаған болатын. Алайда оның себептері сол кезде айтылмады. Ол кезеңде компанияның иелері миллиардер Владимир Ким (70 пайыз) және кәсіпкер Эдуард Огай (30 пайыз) еді. Елдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Владимир Ким ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әмияны» ретінде бейресми түрде аталып келген.
«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz 31 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. «Сол себепті жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», — деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бұрын Мәжіліс депутаттығына кандидат болған, «Өзенмұнайгаз» компаниясының белсендісі Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Телеграмдағы мәлімет бойынша, оқиға 28 желтоқсанға қараған түні болған. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні таңғы сағат 04:10-да Мұратбай Жұмағалиев ауыр хәлде Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай және бет тұсында екі жақты көптеген сырылу жарақаттары деген алдын ала диагноз қойған. Жағдайының ауырлығына байланысты науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін ол травматология және нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында Мұратбай Жұмағалиевті…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Парламенттегі талқылаулар барысында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ЛГБТ өкілдеріне жататынын мойындау Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқық нормалары бойынша құқықбұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Сондықтан бұл үшін жауапкершілік көзделмейді. Оның айтуынша, жауапкершілік тек мұндай қатынастарды насихаттаған жағдайда ғана қарастырылады. Вице-министрдің мәліметінше, аталған норма Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы емес. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов та түсіндірме берді. Оның сөзінше, ЛГБТ насихатына қатысты арнайы жаза түрлері енгізілмейді. Бұл әрекет «құқыққа қарсы контент тарату» ретінде бағаланады. Қолданыстағы нормаларға сәйкес: мұндай контент таратқандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл…
Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Талдықорғанның бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы — Тұрарбек Тұрлыхан Алматыда бірнеше рет жасалған алаяқтық фактілері бойынша ұсталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Egov.press телеграм арнасының мәліметінше, бұған дейін ол үш эпизодқа қарамастан қамауға алынбай, үйқамаққа жіберілген. Желіде тараған бейнежазбада күдікті азамат өз әрекетін толық мойындайтынын жеткізеді. Видеода белгісіз адамдар оның жеке дерегін нақтылап, ақшаны қандай мақсатпен алғанын сұрайды. Күдікті бірнеше рет ақша алғанын және оларды қарыз ретінде емес, уәде берілген қызмет үшін алғанын растаған. Бейнежазбадағы диалогта ол бірнеше үлгідегі iPhone құрылғысын әперемін деп уәде беріп, ақша алғанын, сондай-ақ “салық мәселесі бойынша көмектесемін” деп 5 миллион теңге иемденгенін айтқан. Сонымен қатар ақшаны…
Астанадағы KazTAG агенттігінің кеңсесінде және бас редакторының пәтерінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz 29 желтоқсан күні кешке полицейлер KazTAG агенттігінің елордадағы кеңсесіне тінту жүргізу үшін келген. Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы Журналистер үйінде орналасқан ғимаратқа агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов пен оның адвокаттары да келген. Еске салайық, бұған дейін KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа ауыстырылған болатын. Бұл туралы адвокат Дәулет Жұмағұлов мәлімдеді. 23 желтоқсанда Әмір Қасенов Астананың Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырылған. Кейін оның адвокаттары бас редактордың ұсталғанын растаған. Қысқа уақыт ішінде екі ірі ақпарат құралы – KazTAG халықаралық ақпарат агенттігі мен Orda.kz – Қылмыстық кодекстің 274-бабы «көрінеу жалған…
Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz «Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпарат кейінірек беріледі», — деді министр. Еске салайық, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесудің болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған қазақстандық боксшының анализінен мельдоний атты тыйым салынған препарат табылғаны себеп болды. Кейін бұл жағдайға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пікір білдірді. Вице-министр қазіргі уақытта ведомство…
Депутат Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияға қол жеткізген жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заң жүзінде реттеуді ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бәпидің пікірінше, экс-президенттер, бұрынғы министрлер және мемлекеттік құпиямен жұмыс істеген өзге де лауазым иелерінің шетелге кедергісіз шығуы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан тәуекел тудыруы мүмкін. Сол себепті ол заңгер-депутат әріптестеріне осы бағытта заңнамалық бастама көтеру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Депутат өз жазбасында Абзал Құспан, Марат Башимов, Бақытжан Базарбек және Үнзила Шапақ сынды құқық саласының өкілдеріне сұрақ жолдаған. “Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте…
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Құжатқа сәйкес, Алмазбек Атамбаевтан Қырғыз Республикасының ең жоғары айрықша белгісі – «Қыргыз Республикасынын Баатыры» атағы, сондай-ақ «Манас» орденінің II дәрежесі, «Данакер» ордені және «Данк» медалі кері қайтарылды. Бұдан бөлек, аталған марапаттарды беруге негіз болған бірқатар бұрынғы президенттік жарлықтардың күші жойылды. Атап айтқанда, 1999, 2007, 2011 және 2017 жылдары қабылданған нормативтік актілер енді жарамсыз деп танылды. Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталған болатын. Бішкектегі Бірінші Май аудандық соты Қой-Таш оқиғасына қатысты атышулы іс бойынша үкім шығарды. Бұл іс бес…