Автор: admin

АҚШ-тың Иранмен бір аптаға созылған әскери текетіресі шамамен 6 млрд доллар шығын әкелген, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл мәліметті АҚШ Қорғаныс министрлігі -Пентагон Конгресс алдында өткен аптада мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, шығынның шамамен 4 млрд доллары оқ-дәріге жұмсалған. Қаражаттың басым бөлігі Иран аумағынан ұшырылған зымырандарды әуеде жоюға арналған қорғаныс жүйелерінің ракеталарына кеткен. Сарапшылар қақтығыс созылған жағдайда АҚШ-тың әскери шығындары бұдан да ұлғаятынын айтып отыр. Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды. АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында қажет болған жағдайда америкалық әскер Иранға жасалатын шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыра алатынын айтты.

Read More

Алматы қаласында жоғалып кеткен 25 жастағы Әсел Сербаева табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz CMN.KZ-ке сілтеп. Ол 10 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың денсаулығында кінәраты бар болғандықтан, анасы дабыл қаққан. Кейін оның қиын жағдайға тап болғаны анықталды. Әсел қоғамдық дәретхананың ішіне құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Қызды Алматы қаласы Түрксіб аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Олжас Оразалиев тауып алған. Тәртіп сақшысы Әселге алғаш болып көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығарған.

Read More

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді. Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған. Осы жағдайдан кейін Қазақстан кәсіби бокс федерациясы спортшыны алты айға жекпе-жектерден шеттеткен болатын. Соған қарамастан, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін әлі де сақтап отыр. Алайда осы жылдың ақпанында бұл ұйым да допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты боксшыны бір жылға, яғни 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған.

Read More

Қазақстанда Ресей азаматтарына берілген уақытша тұруға рұқсат құжаттарына қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ресейлік БАҚ мәліметінше, Қазақстанда жалған уақытша тұруға рұқсат (РВП) құжаттарына байланысты іс қозғалған. Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеп жатқаны айтылуда. Ақпаратқа сәйкес, іс бойынша әскери жасындағы ондаған Ресей азаматы куәгер ретінде өтіп жатыр. Тергеу 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған, ал жауап алу бірнеше адамнан топ-топ болып жүргізіліп жатыр деген мәлімет бар. Уақытша тұруға рұқсат (РВП) – шетел азаматтарына Қазақстан аумағында бір жылға дейін заңды түрде тұруға мүмкіндік беретін құжат. Оны алу үшін ресми жұмыс орны және тұрғылықты мекенжай…

Read More

Павлодар соты Еңбек мобильдігі орталығының директоры Меруерт Есембаеваны кінәлі деп таныды. Ол 2026 жылғы 22 ақпанға қараған түні қызметтік Chery Tiggo 7 Pro көлігімен жүріп келе жатып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.  Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп тоқтатқан. Алайда әйел алкогольдік мас күйін тексеру процедурасынан өтпеген. Меруерт Есембаева – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы. Тексеру барысында оның мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіні және ресми түрде декреттік демалыста болғаны анықталған. Соған қарамастан ол қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған. Сотта Есембаева мен оның қорғаушылары айыпты жоққа шығаруға тырысқан.…

Read More

UNICEF-тің “Kids Online Kazakhstan” зерттеуінің мәліметінше, 9–10 жастағы балалардың шамамен 60%-ының әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, ал 11–12 жастағы жасөспірімдердің шамамен үштен екісі белсенді түрде өз профильдерін жүргізеді. Qazaq Expert Club медиа білім беру саласының сарапшысы Жанар Жақанованың айтуынша, әлеуметтік платформалар елдегі интернет аудиториясының басым бөлігін қамтиды: TikTok-ты Қазақстанда 15 миллионнан астам пайдаланушы қолданады, ал Instagram-ның аудиториясы 12 миллионнан асады, деп хабарлайды Tarazy.kz «Біз балалар мен жасөспірімдердің цифрлық контент жасаушылары деген құбылыстың пайда болғанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, қатарластары жасаған жарияланымдарды жасөспірімдер анағұрлым шынайы деп қабылдайды. Сондықтан жасөспірім блогерлер көбіне трендтер мен мінез-құлық үлгілерінің таратушысына айналады», — дейді сарапшы. Халықаралық тәжірибеде…

Read More

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазір Әсем консулдың жанында екені айтылды. Алайда қыздың әпкесі оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Әсем 6 наурызда Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқаны хабарланды. Туыстарының айтуынша, Әсем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған. Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Read More

Шымкентте жастар командалары арасындағы футбол матчы төбелеспен аяқталды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының жас ойыншылары алаңда жанжал шығарып, соңы жаппай қақтығысқа ұласқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Козачков телеграмм каналының мәліметіне сәйкес, ойын барысында футболшылар доп тебудің орнына бір-біріне қол көтеріп, жаппай төбелес бастаған. Оқиға салдарынан «Ақтөбе» командасының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Олардың біріне ауыр жарақат салдарынан операция қажет екені хабарланды. Дәрігерлердің мәліметінше, футболшылардың бірінің жақ сүйегі сынған. Матчтың нақты нәтижесі әзірге жарияланған жоқ. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жанжалдың басталуына себеп болған «Ордабасы» командасының капитаны анықталып, ол қамауға алынған. Қазіргі уақытта оқиғаның…

Read More

Эстрада жұлдыздары жаңа Конституция туралы ән шырқады, деп хабарлайды Tarazy.kz 3,5 минуттық бейнеклип референдумға арналған YouTube арнада жарияланған. Әні: Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев, Ренат Гайсин. Сөзі: Арман Манарбекұлы. 9 наурызда жарияланған видеоны 3,6 мыңнан аса адам көрген. 60-тан аса пікір жазылған. Алайда бұл пікірлерді боттар жазғандай әсер қалдырған. Себебі бір-біріне ұқсас, әнді мақтаған пікірлер басым. Алайда әлеуметтік желіде әншілерді сынаған жазба көп. “Осылар конституцияда не жазылғанын біле ме екен?” “Бұларда ұят жоқ” деген пікірлер де кездеседі. Бейнеклипте әнші Қайрат Баекенов, Мадина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Роза Рымбаева және тағы басқа әншілер бой көрсеткен. 

Read More

Қазақстан Ресейден импортталатын автокөліктерге утильалым мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл шешім Ресей тарапы енгізген шараларға жауап ретінде қабылданбақ. Министрдің сөзінше, көрші ел қазақстандық көліктер үшін утильалымды бірнеше есе, тіпті ондаған есе арттырған. «Бұйрық әлі қол қойылған жоқ. Біз Ресей нарығына қатысты жаңа талап енгізіп отырған жоқпыз, тек қалыптасқан жағдайды айна-қатесіз қайталап отырмыз. Екі елдің нарығына да тең қолжетімділік болуы керек. Ресейде біздің көліктер үшін утильалым бірнеше есе, ондаған есе көтерілді. Сонымен қатар ол жақта 2029–2030 жылдарға дейін жыл сайын өсетін прогрессивті шкала енгізілген. Соның салдарынан утильалым мөлшері өте жоғары деңгейге…

Read More