Автор: admin

Қазақстанда 23 сәуір Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде аталып өтіледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарағанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 3 912 кітапхана жұмыс істейді. Бұл салада 10 мыңнан аса адам еңбек етеді. Кітапханалардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан, олардың саны — 3 343. Еліміздегі кітапханалардың көпшілігі әмбебап бағытта қызмет етеді, жалпы саны — 3 866. Сонымен қатар, 20 ғылыми, 19 арнайы және 7 өзге типтегі кітапхана бар. Балаларға арналған 269 мекеме жұмыс істеп тұр. Өңірлер бойынша ең көп кітапхана Түркістан облысында тіркелген, саны — 388. Одан кейін Батыс Қазақстан (359), Ақмола (341) және Қостанай (336) облыстары…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке 80 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tarazy.kz. Мемлекет басшысы өнер иесінің шығармашылығын жоғары бағалап, оның таланты мен еңбегі миллиондаған тыңдарманның ықыласына ие болғанын атап өтті. «Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады. Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі «Ялла» ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді», – делінген жеделхатта. Сонымен қатар Президент мәдениет пен музыка өнерін дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Закировті ІІ дәрежелі «Достық»…

Read More

Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Черногория үкіметі 17 сәуірде Қазақстан азаматтарына уақытша визасыз режим енгізген. «Азаматтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін жол жүру құжаты арқылы Черногория аумағына кіре алады және 30 күнге дейін бола алады», — деп жазылған СІМ хабарламасында. Ведомство мәліметінше, ұзақ сапарлар үшін виза рәсімдеу қажет.

Read More

Сенат отырысында жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сенаторлар баспанаға мұқтаж жетімдердің кезегі неге жылжымайтынын сынға алды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Депутат Андрей Лукин Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, елдегі жағдайдың күрделі екенін мәлімдеді. «Бүгінгі таңда тұрғын үй алу кезегінде шамамен 61 мың жетім бала тұр, оның ішінде 43 мыңнан астамы кәмелет жасына жеткен. Соған қарамастан, жақын арада бұл кезектің қысқаруы болжанбайды. Ең көп мұқтаждар Алматы облысында – 7 200 адам, Шығыс Қазақстанда – 6 400, Қарағандыда – 5 900, Қостанайда – 5 700, Ақтөбеде – 3 000 адам. Осындай жағдай басқа өңірлерде де бар», – деді…

Read More

Ресей мемлекеттік думасы отырысында Бішкек қаласындағы қырғыз-ресейлік славян университетінің жаңа кампусын салу мәселесі қаралып, осы тұста Қырғызстандағы бірқатар көше мен елді мекен атауларының өзгеруі де сөз болды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Әңгіме 2025 жылғы 25 қарашада қол қойылған келісім жөнінде өрбіді. Құжатқа сәйкес, Ресей тарапы жаңа кампусты жобалау, салу және қажетті жабдықтармен қамтуды өз міндетіне алады. Ал Қырғызстан кемінде 30 гектар жер бөліп, инфрақұрылым тартуы тиіс. Жоба іске қосылғаннан кейін оқу орнындағы студенттер саны 15 мың адамға дейін жетеді деп күтілуде. Келісімді Қырғызстан парламенті мақұлдап, ел президенті қол қойған. Талқылау барысында Дума депутаты Михаил Матвеев Қырғызстанда кеңестік және орысша атаулары бар…

Read More

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік экологиялық саммиті өз жұмысын бастады. БҰҰ, бір-біріне жақын өңірлік ел басшылары және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңы – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғауға, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған. Саммит аясында ұйымдастырылған «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне Абай университетінің делегациясы арнайы қатысып, ғалымдардың экологиялық тың жобаларын жиналғандардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Түрікменстан, Моңғолия және Грузия мемлекеттерінің президенттері қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, маңызы жағынан ауқымды саммитке БҰҰ мен жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚҰЫ, ЭҰЫ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК,…

Read More

Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Халықаралық маңызды жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде экологиялық қауіпсіздік – елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары өз жетістіктерін таныстырды. Солардың қатарында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де белсенді қатысып, жасыл технологиялар мен тұрақты даму бағытындағы жобаларын ұсынды. Көрмені аралаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше тоқталып, олардың ғылыми және практикалық маңызына жоғары…

Read More

Қазақстанға тауық жұмыртқасын шетелден тасымалдауға жарты жылдық мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл туралы тиісті бұйрықта айтылған. Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден және ЕАЭО мемлекеттерінен барлық көлік түрімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге шектеу қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін жұмыртқаларға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалданатын өнімдерге бұл тыйым қолданылмайды. Аталған бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енді.

Read More

Италия билігі Ресей елшісін наразылық белгісі ретінде шақыртты, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұған ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёвтің ел премьер-министрі Джорджия Мелониге қатысты айтқан ауыр сөздері себеп болған. Бұл туралы Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ресейлік телеарна эфирінде Владимир Соловьёв Джорджия Мелониге бағытталған өрескел пікір айтқан. Эфирдің бір бөлігінде ол итальян тілінде балағат сөздер қолданып, премьер-министрді түрлі ауыр сөздермен қорлаған. Сонымен қатар, Джорджия Мелониді қатаң сынға алып, оны сайлаушыларын алдады деп айыптаған. Рим бұл жағдайды дипломатиялық әдепке қайшы деп бағалап, ресми түрде наразылық білдірген.

Read More

Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Оған бірнеше мемлекеттің басшылары қатысуда, деп хабарлайды Tarazy.kz. Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді. Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау. Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов,  Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли…

Read More