Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 31 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жошы Ұлысына 800 жыл

    Биыл Жошы Ұлысына 800 жыл

    Жаңалықтар 19.09.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ұлылар мекені Ұлытау өңірінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Екі күндік іс-шарада қатысушылар облыстың тарихи-мәдени орындарын аралап, өлке туралы мазмұнды кездесулерге куә болды. Пресс-тур барысында көзбен көрген нысандар мен тарихи жерлер туралы қысқаша мәлімет беруге тырыстық. 

    Пресс-турды ұйымдастырушылар тыңғылықты дайындалыпты. Алғашқы тарихи нысан — Жезқазған маңындағы ГУЛАГ жүйесіне кіретін Степлаг лагері. Мұнда 1948-1956 жылдары 40-қа жуық елдің азаматтары әскери тұтқында болған. 1954 жылдың 10 маусымындағы мәліметі бойынша Степной лагерінде барлығы 21090 тұтқын болды. Оның: 16677-і ер адам, 4021-і әйелдер. Қазір қабырғалар мен тұтқындар отырған бірнеше камералар ғана сақталған. Алдағы уақытта дала музейінін жасаймыз деген жоспар бар. Қызық дерек: 1948 жылы саланған лагерь қабырғасында Германиядан әкелген кафель әлі жабысып тұр. Өлкетанушы, тарихшы Ғабдол Жанділдәұлының айтуынша, мұндай тарихи жерлерге ерекше мән беріп, туризм нысанына айналдыру қажет. 

    Степлаг ғимаратының қалдығы

    Жоспар бойынша келесі нысан — Жошы хан кесенесі. Ол маңда 2022 жылы Ұлттық құрылтай өтіп, маңыздылығы артқан. Үлкен кешен бой көтеріп, туристер ағылып келетін мекенге айналған. Бір әттеген-айы — жол мәселесі. Кешенге апаратын екі жол бар: бірі — жолсызбен 50 шақырым, Жезқазғаннан тура барады.
    Екіншісі — Сәтпаев қаласы арқылы, тәуір жол, бірақ ұзақтау. Сонымен қатар, Жошы хан кешені мен Домбауыл арасын жалғайтын 20 шақырым асфальт жол 2-3 жылдан бері әлі аяқталмаған.

    Домбауыл қорымы да нағыз туристік нысанға айналар әлеуеті бар. Тастан қаланған тарихи нысанның қай ғасырға жататынын нақтылайтын дерек жоқ. Бірақ ғалымдар ислам діні қазақ даласына тарамай тұрғанда, 8-9 ғасырда бой көтерген дейді. Аңыз бойынша, мұнда Кетбұқаның ұстазы жерген деген мәлімет айтылады. Ал Домбауылдың өзі өз заманында жауынгер әрі сазгер болған дейді.

    Домбауыл қорымы
    Алаша хан кесенесінің ішкі көрінісі

    Келесі тарихи мекен — Қаракеңгір өзенінің аңғарында орналасқан 15 ғасырға жататын Алаша хан кесенесі. Ол Сәтбаев қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 80 шақырым жерде. Алаша ханмен тікелей қатысы бар Жошы хан мен Домбауыл кесенелері де осы маңға жақын. Олардың арақашықтығы, шамамен, 8-12 шақырымды құрайды. Ұлытау – қазақ руларын ауызбіршілікке шақырған киелі орын. Міне, осы өңірден Жошы хан жаңа қала тұрғызуды арман еткен екен. Алаша хан кесенесі – сәулетті , тарихы терең ескерткіштердің бірі. Бұл орын республикалық маңызы бар мәдени нысандардың қатарында. Ұлытау өңірінде жалпы саны 300-дей тарихи ескерткіш бар.

     

    Қарсақбай зауыты

    Ұлытау облысы ұйымдастырған пресс-турдың келесі аялдамасы — Қарсақбайдағы ғасырдан асқан мыс комбинаты. Зауыт әлі де жұмыс істеп тұр. 1913 жылы негізі қаланған. Сол заманда ағылшындар салған бетон бағандар әлі бұзылмай тұр. Қарсақбай — тарихқа қазақ мыс өндірісінің негізін қалаушы кәсіпорын болып енді. 1997 жылдан бастап зауытқа “Қазақмыс” иелік етеді.

    Зауыттың дәл іргесінде Қаныш Имантайұлының музей-үйі тұр. Бұл — кенді өңір халқы кие тұтатын орын. Ол Қаныш Сәтпаевтың туғанына 70 жыл толуына орай 1969 жылы ашылған.

    Қ.Сәтбаев музей-үйінің іші

    Шағын бес бөлмеден тұратын музейде 3 мыңдай жәдігерді тамашалай аласыз. Барлығы дерлік ғалымның өзі тұтынған құнды мұралар. Оларды Қаныш Имантайұлының ұрпақтары жеке мұрағаттан және әр жерден жинақтап музейге тапсырған. Мемориал кешеннен Қарсақбайдың тарихын да көре аласыз. Музей-үй 1995 жылдан бастап Жездідегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы құрамына кіреді.

    Ал Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі 1988 жылы ашылыпты. Жезді кентіндегі мұражай тақырыптық ерекшілігі, экспозициясының құрылымы, жәдігерлерінің құндылығы жөнінен Орта Азия, ТМД елдерінде кездеспейтін бірегей орталық болып есептеледі. Байтақ даламыздағы металл қорыту ісінің пайда болып, бүгінгі замандарға дейінгі даму сабақтастығын көрсетуге негізделген. Мұражайдың 17 мыңнан астам экспонат қоры осы тақырыпқа сәйкес жүйеленіп, 7 негізгі экспозициялық залдар мен ашық аспан астындағы алаңдарда көрмеленеді. Музейді өз ісін жан-тәнімен сүйетін, шынайы жанашыр, нағыз маман Зейпін Зікірқызы басқарады. Әр жәдігердің тарихы мен маңыздылығын ерекше тебіреніп түсіндіреді. 4 гектар аумақта ашық аспан астындағы мұражайға да орын берілген. Онда бағзы замандағы түйе арбадан ғарыш кемесіне дейінгі мыңжылдықтар тарихымен танысуға болады.

    Мұражай кешеннің директоры Зейпін Зікірқызы

    Жалпы Жезқазған өңірі тарихы бай, туристік нысандары мол өлке. Ұлытау облысы құрылғалы аймақтың жаңа тынысы ашылған. Алайда өңірдің дамуына кері әсері бар келеңсіздіктер де кездеседі. Университетте сабақ беретін ұстаз Ақансері Сүлейменов Ұлытау облысы құрылғанда Астанадан Жезқазғанға оралған. Елордадағы жұмысты тастап жаңа облысқа келгендегі басты мақсат — туған жерге қызмет ету. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде Ұлытау өңіріндегі өзгерістерге куә бола бастадық дейді. Алайда өлкедегі кадр тапшылығы мен керітартпа әрекеттер көңілін күпті етіп жүр екен.

    Ақансері Сүлейменов

    — Астанада тәжірибе жинақтаған Жезқазған, Ұлытау, Жаңарқа тумалары бізге көптеп келді. Олар 10-15 жыл әр салада тәжірибе жинап білікті маман болған. Бірақ Жезқазғанда жергілікті шенеуніктер бар ғой. Олар да жетілді. Сырттан келгендер жаңашыл ойларын айтады. Ал жергілікті мамандар консервативті ойлайды. Олар бұрынғы облыс орталығы Қарағандыға барып сұрайды, оларға кері қайтарады. Жаңа мен ескі арасында түсініспеушілік болды. Сол себепті Астанадан келген мамандар қайтып кетті, дейді жас маман.

    Сонымен, екі күнге жоспарланған пресс-турдың қорытындысы қатысушылар арасында куиз ойыны болды. Осылайша Ұлытаудың қонақжай пейілімен, бай тарихымен таныстық. Ал Жезқазғанда атқарылар шаруа көп. Денсаулық сақтау саласы, инфрақұрылымды дамытуға облыс әкімдігі көбірек көңіл бөлсе екен. Аймақтың туристік әлеуетін арттырып, тарихы тұнған ұлылар мекені Ұлытауды барша әлемге паш ету керек.

    Алашахан Домбауыл Жезқазған Жошы хан Жошыхан Қаныш Сәтбаев Қарсақбай Ұлытау Ұлытау облысы

    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.