Close Menu
    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026

      Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

      20/10/2026

      Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

      20/10/2026

      Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

      20/10/2026

      Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ержан Максим ресейлік «Голос.Дети» шоуы жеңімпаздарының бірі болды

    Ержан Максим ресейлік «Голос.Дети» шоуы жеңімпаздарының бірі болды

    Мәдениет 25/05/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ресейлік «Первый канал» арнасы «Голос.Дети» шоуында финалға шыққан қатысушылардың барлығын жоба жеңімпазы ретінде таныды. Олардың қатарында отандасымыз Ержан Максим де бар.

    Конкурстың арнайы шығарылымы тікелей эфирде өтті. Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Ең бірінші Пелагея, одан кейін Светлана Лободаның командасында болған жас таланттар шықты. Соңғы болып Валерий Меладзенің шәкірттері өз өнерлерін паш етті.

    Жарыс жеңімпазы болып ең бірінші Ержан Максимнің есімі аталды. Ол арнайы шығарылым кезінде «Адажио» әнін орындады.

    — «Первый канал арнасында ештеңе сатылмайтынын сен енді білетін боласың, — деді арнаның бас директоры Константин Эрнст жобаның тікелей эфирі кезінде.

    Ержаннан өзге Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және арнайы шығарылымға қатыспаса да, Микелла Абрамова жеңімпаз болып танылды. Олардың бәріне демеуші тарапынан 1 млн рубльдің (5,8 миллион теңге) сертификаты табыс етілді.

    Константин Эрнст «Голос.Дети» жобасының келесі кезеңде де жалғасатынын айтты.

    — Соңында барлықтарыңызға айтарым, «Голос» жылдағыдай өз жалғасын таба береді. Ешқандай да таныс, ешқандай ақша мұнда рөл ойнамайды. «Голоста» талантыңды мойындатып барып қана жеңімпаз атанасың. Келер маусымда жүздескенше, — деді.

    Айта кетейік, Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын болатын. Алайда кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындап,  ресейлік арна алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданған-ды.   

    Ресейлік арнадағы «Голос Дети» шоуы — халықаралық The Voice Kids жобасының ресейлік нұсқасы. Конкурсқа 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Қатысушыларды үш әділқазы іріктеп алады. Ал финалдық кезеңде жеңімпаз көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады.

    Голос.Дети Ержан Максим Первый канал

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14/07/2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19/05/2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18/05/2026
    Соңғы жаңалықтар

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    Давид Дегтяров Жапонияда рекорд жаңартты

    19/10/2026

    8 ақпан — ораза басталады: Мүфтият келер жылдың діни күндерін белгіледі

    19/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.