Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Кегенде шыныдан аспалы көпір салынады

    Кегенде шыныдан аспалы көпір салынады

    Ел іші 02/11/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Кеген ауданында орналасқан Қара шатқалда шыныдан аспалы көпір салынбақшы. Тіпті көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады, деп хабарлайды alataunews.kz сайтына сілтеме жасаған Tarazy ақпарат. 

    Жаңа жоба 2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысы, Кеген ауданында өткен ауқымды баспасөз турында таныстырылды. Аспалы көпір Қытайдағы көпір секілді шыныдан салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы көпірдің биіктігі 80 метр болса ұзындығы 170 метрді құрайды. Бір уақытта 500 адамды көтере алады дейді «ASK Сapital» компаниясының өкілі.

    «Жоба ТМД бойынша ерекше болғалы тұр. Біздің салатын көпір Қытай еліндегідей шыныдан жасалатын болады. Жобамызда көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады деп жоспарлап отырмыз. Тіпті, туристтер көпірден жәй ғана өтіп қоймай көпірдің арғы бетіне көңіл көтеретін  алаң жасалады және атпен серуендеу, квадрацикл сияқты ойын алаңдары болады. Жоба 2025 жылдың күз айында аяқталады”, — деді “ASK Capital” өкілі Манат Тагаев.

    Туристік аймақты дамыту үшін және Қара шатқалға электр желісін тарту жұмыстары жақында қолға алынады. Кеген ауданының әкімдігі «электр желісін тарту — аймақтағы туризмді дамыту» деп санайды. Қазіргі уақытта, «Қара шатқал» ЖШС-не 400,0 млн теңге инвестиция тартылды. Ал «ASK Capital» компаниясы туристік жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге қаржы құюды жоспарлап отыр.

    Кәсіпкер Сырым Көлбаев

    “Қазіргі уақытта, Қара шатқал жобасын іске асырудамыз 3 жыл ішінде 500 млн теңге инвестиция құюға дайынбыз. Мұнда 3 жыл ішінде 30 үй тұрғызылып, 3 түрлі котедж және 3 ресторан салынатын болады. Өздеріңіз білетін қазіргі уақытта экотуризм өте жақсы дамуда. Сондықтан шатырлы қалашық және хайтек стиліндегі үйлер салынатын болады”, — деп атап өтті кәсіпкер Көлбаев Сырым.

    Сонымен қатар, инвестор мұнда келетін туристер үшін 2-3 күндік турлар жасауға да дайын екендігін айтты. Тіпті, келушілерге арнайы баспалдақ арқылы суға жақындауға да мүмкіндік жасалады. Қара шатқалдағы алғашқы туристік нысандар келер жылы қолданысқа беріле бастайды дейді компания өкілдері.

    аспалы көпір Кеген Кеген ауданы Қара шатқал туризм туристер черный каньон шарын

    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.