Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданады

    Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданады

    Басты тақырып 02/09/2024
    фото: Ақорда
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет екенін айтты және осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс екенін жеткізді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    «Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет», — деді Президент Жолдауында.

    Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс.

    «Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды.

    Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жақандығын атап өтті.

    Банктер туралы заң бюджет Жолдау Қасым-Жомарт Тоқаев несие сасаты Президент жолдауы

    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.