Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    Жаңалықтар 29/06/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Топырақты кешенді қорғауға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған заң мақұлданды. Енді оған президент қол қойса, қабылданады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Депутат Зәкіржан Кузиев бастамашы болған «Топырақты қорғау туралы» заң және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, бүгін мақұлданды. Осыған орай ҚР Сенатының соңғы отырысында Зәкіржан Кузиев баяндама жасады.

    “Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарыбастамашылық еткен «Топырақты қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын ұсынамыз.
    Аталған заңдар топырақты қорғау саласында жүйелі мемлекеттік саясаттықалыптастыруға, оны тиімді пайдалануға, құнарлылығын сақтауға және тозуданқорғауға бағытталған.
    Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында түбегейлі өзгерістер қажет болып отыр. Топырақ қайта қалпына келмейтін ресурс және Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің негізі”, – деді сенатор Кузиев.

    Топырақтың жағдайына агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығы, ауылдық аумақтардың дамуы және азаматтарымыздың әл-ауқаты тікелей байланысты.
    Халықаралық сарапшылардың айтуынша, климаттың өзгеруі мен адам әрекетінің салдарынан еліміздің көптеген өңірлерінде жердің деградациясы күшейіп, жердің шөлге айналу қатері артып отыр, дейді осы заңға бастамашы болған депутаттар.

    “Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, зерттелген 53,5 миллион гектар жердің 2,7 миллион гектары деградацияға ұшыраған. Бұл көрсеткіштер мәселенің тек экологиялық сипатта ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне әсер ететін жүйелі қауіп екенін көрсетеді”,– деді Сенат мінберінде сөйлеген Зәкіржан Кузиев.

    Бұл жай ғана кезекті заңды қабылдау туралы емес. Бұл — еліміздің болашағы мен келер ұрпақтың өмір сүру деңгейіне тікелей әсер ететін стратегиялық ресурсты сақтау мәселесі. Жоғарыда айтылған барлық нормалар жұмыс тобының, комитеттің және комитеттің кеңейтілген отырыстарында барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқыланды. Заңдар бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ, деді депутат.

    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту Комитеті «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын мақұлдауды
    және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын бірінші оқылым да мақұлдауды ұсынады, —  деді Кузиев.

    Сенаторлар аталған заңды мақұлдады. Ол енді ел президентінің қарауына жіберілді

    Кузиев Сенат топырақ

    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.