Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 20 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда егде жастағы көлік жүргізушісі танымал қолөнершіге айналды

    Таразда егде жастағы көлік жүргізушісі танымал қолөнершіге айналды

    Өңір тынысы 12.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алыс сапарларға қатынайтын көлік жүргізуші бойындағы өнерін ашқаннан кейін көпшілікке таныла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Абылхан Өтепбергенов Айша бибі ауылында тұрады. Мамандығы – зоотехник. Жүргізуші бола жүріп, бүкіл қазақ даласын шарлап шыққан, Ресейдің Иркутск қаласына дейін жүк тасыған. Осыдан төрт жыл бұрын Абылхан ағада кенеттен сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, ағаш ою өнері ояна бастаған.

    «Қайдан келгенін білмеймін. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтысқа бардық. «Баласағұн» орталық концерт залының дәлізінде ашылған көрмеден көне ағаш ыдысты көрдім. Әдемі нақышты қошқармүйізге қарап тұрып, менің де жасағым келді», — дейді Абылхан Өтепбергенов.

    Үйінің ауласында жеміс бермей қойған зәулім өрік ағашы өсіп тұрған екен. Көлеңкесінен басқа пайдасы жоқ ағашты кесіп, кептіріп, қошқармүйіз жасауды қолға алған.

    «Құрал-сайманым сай болған жоқ, пышақ, балта, араны қолдандым. Жасаған қошқармүйізім келініме ұнап қалды. Соған сыйлай салдым, ол қошқармүйізді алып Маңғыстауға кетті. Кейінірек екіншісін де жасап, сыйға тарттым. Артынша, пиала, кесе, түрлі кәдесый атаулыны жасап жүрдім. Бастапқыда жасағандарым өзіме ұсқынсыздау көрініп жүрді, сондықтан сұрағандарға беріп жібере бердім. Жақында ғана сатуды қолға алдым», — дейді ол.

    Қолөнерші үйінде — Жамбыл облысының Айша-бибі ауылында немесе 20 шақырымды еңсеріп, Тараздағы ежелгі Төрткүл керуен сарайында жұмыс істейді. Мұнда облыстық Туризм басқармасының қол алуымен «Көне Тараз шеберлері» этножобасы іске асырылуда. Бұл керуен сарайда осыдан 15 ғасыр бұрын Ұлы Жібек жолымен келе жатқан керуендер тоқтап, тыныстаған. Сондықтан, қайта жанданған Төрткүл керуен сарайы «Ұлы Жібек жолы» туристік бағдарының танымал нысандары тізіміне еніп отыр.

    Абылхан ағаның айтуынша, олардың тұқымында көркемөнер шебері, қолөнершілер болмаған. Сондықтан болар, өзінің өнерін хобби деп атап, оны жүргізуші кәсібімен қатар алып жүр. Дегенмен, оның қолынан шыққан бұйымдар Төрткүлге қыдырып келгендерді де, мамандарды да тәнті етіп жатыр. Немересі Мәдина да атасының шеберлігіне қызығып, оны үйренудің әлегінде.

    Енді Таразға келетін туристер Төрткүлде тек ұлттық тағамдарды ғана емес, жамбылдық шеберлер жасаған қолөнер бұйымдарын да алу мүмкіндігіне ие. Бұдан тыс, керуен сарайға келген туристер алтыбақан теуіп, жай тартады, халық әндерін тыңдап, би билейді. Ең бастысы – он саусағынан өнер тамған шебердің көз жауын алар бұйымдарын жасау барысын тамашалай алады.

    қолөнер Тараз

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.