Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 11 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

      10.04.2026

      Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

      10.04.2026

      “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

      10.04.2026

      Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

      10.04.2026

      Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

      10.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда қала күніне орай Әулиеата ескерткіші ашылады

    Таразда қала күніне орай Әулиеата ескерткіші ашылады

    Өңір тынысы 27.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Тектұрмас» жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде Әулиеата ескерткішін орнату жұмыстарын аяқтап, қала күніне орай ескерткіштің ашылуы жоспарлануда.

    Бүгінгі таңда ескерткіштің тұғыртасы қалануда. Тұғыртастың биіктігі 8 метр, ескерткіштің биіктігі 13 метр. Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегінде кіре берісінде арка, арнайы көру алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақтар орналасқан, жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның скульптурасы, баспалдақтар  бойымен қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясы келгенге дейінгі қалаларды бейнеленетін инсталяциялар  орнатылады.

    Екінші кезеңде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылады. Одан кейін «Шахристан» тарихи-мәдени кешенімен байланыстыратын аспалы жол салынатын болады.

    Ескерткіш «Көне Тараз» қорынан демеушілер мен қалталы азаматтардың қаражатына салынуда. «Көне Тараз» қорының президенті Азимов Муратбек. Құрлысы басында 80 жұмысшы, 8 техника жұмыс істеуде.

    Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен  көне Тараз қаласының сәулеттік келбетін арттыру мәселесі қолға алынып отыр. Сонымен қатар, қаладағы Төле би көшесінің бойында орналасқан «Шахристан» кешенін қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу, қалпына келтіру жұмыстары да бастау алды. Сол себепті өңір басшысының тапсырмасымен «Шахристан» тарихи-мәдени кешенін жаңғыртуға жоғары деңгейде көңіл бөлінді.

    Жалпы, кешен аумағы 200 гектарға созылып жатыр. Болашақта кешен аумағына көркемсурет галереясы, облыстық өлкетану мұражайы, 700-800 орындық амфитеатр, көлемді сағат стелласы, көрме залы және «Руханият» орталығы салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұнда тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері Тараз қаласын түлетудің тың жолдары қарастырылып, тиісті ұсыныстар енгізілуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне қаланың сәулеттік келбетін арттыруға бүгінде тиісті мекемелердің бәрі де атсалысып келеді. Тараз қалалық сәулеттік бюро мекемесіне қала ішінен бой көтеретін нысандардың нобайын сызып, сұлбасын дайындау жүктеліпті. Бюро басшысы Арман Әбдешов қазіргі уақытта «Шахристан» этномәдени орталығының жобасына ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді. Сондықтан да аталған орталықтың құрылысы ағымдағы жылдың күз мезгіліне дейін аяқталатын болады.

    Сонымен қатар, болашақта «Көне Тараз» кешені мен «Шахристан» этномәдени орталығы қосылады. Сол екі нысанның арасынан бір шақырымға созылатын арбат құрылысы жүргізіліп, шаһар көркін арттыруға ерекше серпін береді. Бұдан бөлек, «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Көне Тараз» стансасы салынып, аспалы жол тартылады деп жоспарлануда. Аспалы жол «Тектұрмас» кешенінен «Шахристан» орталығына дейін созылатын болады. Мұның бәрі де көне Тараз шаһарының тарихын білгісі келген туристерге жасалған жақсы жағдай болып есептеледі. Бұл орайда Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова алдағы уақытта «Шахристан» орталығында 60 шақты шеберхана орналасқан қолөнершілер қалашығы пайда болатынын, бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін де жақсы болатынын айтты.

    «Шахристан» кешенін қайта түлетуге арналған жаңғырту шараларын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік Әулиеата жеріне келетін туристердің қатарын биыл 400 мыңнан асыруға барынша күш салуда. Ал, жергілікті әкімдіктің мәліметінше, бүгінде жоғарыда аталған бағытта 50-ге жуық кәсіпкерлік нысан арнайы тіркеуден өтіп, қызмет көрсетуге әзір екен. Сондай-ақ, жуырда Тараз қаласындағы «Төрткүл» тарихи кешені маңынан бірегей «Қазақ ауылы» этножобасы да бастау алып, көптің қызығушылығын тудырды. Ол үшін Тараз қаласынан 12 арнайы туристік бағыт әзірленіп, қонақтарға ыңғайлы жағдай туғызу мақсатында 33 туристік орталық арнайы мобильді қосымшаға егжей-тегжейлі түсіндіріліп, енгізілген. Ол жерден барлық қажетті мәліметтерді QR код арқылы да бес тілде алуға мүмкіндік бар екен. Сондай-ақ, ол қосымшада Жамбыл облысында қызмет ететін 178 қонақ үй мен 300-ден астам тамақтану орнының және көлік тасымалының сызбасы, ақша айырбастау пункттері мен туристік агенттіктердің тізімі, бағалары жасақталған.

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

    09.04.2026

    Таразда 5-қабаттан секіріп кеткен ер адам көз жұмды

    08.04.2026

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026

    Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

    10.04.2026

    Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

    10.04.2026

    Алматы облысында сегіз адам 15 жастағы жетім қызды зорлаған

    10.04.2026

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.