Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің аумағы 181,5 мың шаршы метрді құрайды

    Таразда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің аумағы 181,5 мың шаршы метрді құрайды

    Өңір тынысы 26/09/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 117,1 пайызды құрады (2018 жылы – 155,0 мың шаршы метр), — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 17 643 адам болып отыр (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 1489, 29 жасқа толмаған жетім және ата–анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1935;  әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 8513;  мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5706).

    Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы 15–ші мөлтек ауданында 80–пәтерлі 10 несиеге берілетін  тұрғын пайдалануға берілді.  Сондай–ақ, аталған алқапта, жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60–пәтерлі 11 кредиттік үйлердің құрылыстары жүргізіліп жатса, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғын үйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 миллион теңге қаржы қарастырылды. Бұдан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақханалардың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға беру көзделуде.

    Келесі кезеңге 80 пәтерлі 23 тұрғын үйлердің құрылыстарын 2020–2021 жылдары жүргізу жоспарлануда.          Жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 555 жер телімінде жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері белгіленген. Оның 255–не 4 мердігер келісім шартқа тұрды («КСС контракшин» ЖШС – 5; «РемСтрой СС» ЖШС – 150; «Сырым Білеке» ЖШС – 50; «Дәмдес» ЖШС – 50). Қазіргі таңда 14 үйдің құрылыстары аяқталып, 4 үйге әлеуетті сатып алушы анықталды. Бұдан бөлек, қосымша 26 үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлерді сату мақсатында 2006 жылы жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары аяқталуда. Осы жұмыстар кезең – кезеңімен өз жалғасын табатын болады.

    Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 250 азаматтар кезекте тұр. Осы мақсатта жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.

    Олар, Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде барлығы 3752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Алқаптарда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттамалары әзірлеу қала бюджетінен іске асырылып жатса, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоғары тұрған бюджеттер есебінен жүргізу көзделуде.

    Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

    Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.