Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда туризмді дамытуға қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Таразда туризмді дамытуға қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Өңір тынысы 25.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласын көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

    Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат)  абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

    Бұдан бөлек, Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының,   көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары басталады.

    Тараз қаласының 2025 жылға арналған дамуының бас жоспары 2010 жылы бекітілген.

    Бүгінгі күнге, бас жоспардағы қайта жаңғыртылатын аумақтар 55,7 пайызға егжей-тегжейлі жоспарлаумен қамтылған. Болашақта бас жоспарды толық орындау мақсатында жалпы 7 072 гектар көлемін  егжей-тегжейлі жоспарымен қамту қажет. Осы жұмыстар үш кезеңге бөлініп, үстіміздегі жылы 2 960 гектар аумақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтылатын болады.

    2018 жылы, алғашқы кезеңдерге құрылыс жұмыстарды жобалау мақсатында қала орталығының 102 гектарға, «Тектұрмас» тарихи-мемориалдық кешенінің 59 гектарға, «Арай» тұрғын алқабының 241 гектарға және «Көлтоған», «Жиделі», «Қарасай», «Қызыл-Абад» тұрғын алқаптарының 556 гектарға, жалпы 958 гектарына егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді. 

    Қаладағы өзекті мәселелердің бірі «Құмшағал», «Шөлдала» тұрғын алқаптарының аумағында орналасқан 28 саяжайға «тұрғын алқап» мәртебесін беру мақсатында жалпы 1028 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітіліп, саяжай тұрғындары жер бөліміне өтініштерін беруде.

     Келесі кезекте, қаладағы 6 418  гектар құрылысы жүргізілген аумақтарда инженерлік геодезиялық жұмыстарын жүргізу (7347 гектарына немесе 53,4 пайызына тиісті  геодезиялық жұмыстары жүргізілген). Оның 2019 жылы 3086 гектары қала бюджеті және «Қала кадастр» кәсіпорыны есебінен топо түсіріліммен қамтылатын болады. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

    2019 жылы қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 1 млрд. 870,8 млн. теңге бөлінді.

    Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.

    Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 талдар әктелсе, 2004 электр бағаналары, 170 гүл сауыттары, 396 қоғамдық орындықтар, 290 қоқыс тастайтын жәшіктер, 200 мың шаршы метр аялдамалар және 4836 шаршы метр қоршаулармен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.

    Тараз туризм

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.