Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

      07/10/2026

      Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

      07/10/2026

      Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

      07/10/2026

      ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

      06/10/2026

      Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

      06/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздықтар #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады

    Тараздықтар #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады

    Өңір тынысы 05/08/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдықтар  жалпы республикалық сипат алған #Birge #TazaQazaqstan  экологиялық акциясынан шет қалмады, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Бір жұма бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасынан бастау алған акцияның негізгі мақсаты су айдындарын күл қоқыстан тазарту болып табылады. Аталмыш акция жарияланған алғашқы күні ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері мен елорда тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасының аумағын тазартқан болатын. Міне, бүгін жамбылдықтар да экосенбіліктен қалыс қалмай өңірдегі барлық жаға-жайларда тазалық жұмыстарына кірісті.

    Сенбілік облыс орталығы Тараз қаласының аумағындағы «Қарасу – 1», «Қарасу — 2», «Түйте», «Төрегелді», «Базарбай», «Үшбұлақ», «Сеңкібай», «Оңтүстік құрғату дренажды» каналдары, «Тайвань» дренажды каналардың бойы, «Талас» өзені және «Ақбұлақ», «Қаратау» мөлтек аудандарындағы каналдардың жаға-жайларында, сонымен бірге, облыс аудандарында жүргізілді. Шараға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров бастаған облыс әкімі аппаратының және барлық мемлекеттік мекемелердің, өнеркәсіп орындарының қызметкерлері мен түрлі сала мамандары бір кісідей аталған шараға қатысты.

    Жалпы республикалық сенбілікте пікір білдірген Нұржан Сәбитұлы: «Бұл шара атауына сәйкес елді бірігіп еңбек етуге, айналаны таза ұстауға үндейді. «Бірлік түбі – береке» дейді халық даналығы. Бүгінде баршамыз бір кісідей осы каналдар мен өзендердің маңайын тазартуға жұмылып отырмыз. Бұған қала тұрғындары да өз белсенділіктерін танытуда. Бұл бастама тек қала аумағында және облыстың барлық 10 ауданында жүзеге асып жатыр. Ауылдық елді-мекендердегі  өзендер мен каналдардың, тіпті қамыс басқан арық-атыздардың да аумақтары тазалануда» — деп, экологиялық акцияның маңыздылығын атап өтіп, облыс тұрғындарын жағажайлар мен су айдындарының аумағын таза ұстауға шақырды.

    Атап өту керек, Тараз қаласы бойынша жүргізілген сенбілікке 4535 адам қатысып, 47 дана техника жұмылдырылды. Жалпы қала аумағында 61,8  шақырым каналдардың бойы тазартылып, 258 тонна күл-қоқыс шығарылды.

    Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті.

    #TazaQazaqstan Тараз экология

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.