OPEC+ елдері мұнай өндіру көлемін ұлғайту туралы келісімге келді. Тиісті шешім 5 сәуір күні қабылданды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Жаңа келісім 2026 жылдың мамыр айынан бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес, альянсқа кіретін сегіз ел тәулігіне қосымша 206 мың баррельге дейін мұнай өндіре алады. Бұған дейін енгізілген тәулігіне 1,65 млн баррель көлеміндегі шектеулер нарықтағы жағдайға байланысты кезең-кезеңімен алынуы мүмкін.
Бұл шешім Қазақстан үшін мұнай өндіруді рекордтық деңгейге, тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
ОПЕК+ өкілдері шектеулер «нарықтағы жағдайға байланысты толық немесе ішінара алынуы мүмкін» екенін атап өтті.
