Close Menu
    Оқылып жатыр

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 19 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026

      Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

      19.03.2026

      Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

      19.03.2026

      Ақүйден Ақордаға жеткен хат

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Балабақша терезесінен құлаған бүлдіршін комада жатыр

    Балабақша терезесінен құлаған бүлдіршін комада жатыр

    Ел іші 17.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайы бірқалыпты ұсталып отыр

    Небәрі 2-дегі қыз екінші қабаттан бетонның үстіне құлап түскен. Ал ашық тұрған терезенің жақтауына оны тәрбиешісі шығарыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Қос кішкентай қызды сонда тұрғызып қойған әйел біреуін құлатып алған. Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханада жатыр.

    Балабақшадағы сұмдық жайт таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, тәрбиеші екі бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезенің жақтауына тұрғызып қойған. Сөйтіп, біреуін жазалап тұрғанда, екіншісі жұқа тордан жерге құлап түседі. Екінші қабаттан құлдилаған сәбидің миына қан құйылып, ес-түссіз күйде ауруханада жатыр.

    Марат Досқалиев, Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігері:

    — Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайын бірқалыпты ұстап отырмыз.

    Дәрігерлер сәбидің сау сүйегі қалмағанын айтады. Ажал аузында жатқан баланың анасы дел-сал күйде, өзін қоярға жер таппай жүр. Ал бала міне мына бетонға сұлап түскен. Мұнда тағы темір жабындылар да жатыр. Ал оқиға «Қарлығаш» мемлекеттік бақшасында болған. Мекеме мектептің ішінде орналасқан. Әдетте терезесін жаппайтын тәрбиешілер бұл жолы есігіне дейін құлыптап, ашпай қойды. Ал қызды терезеден құлатып алған Гүлмира есімді тәрбиеші екен. Оны жақсы танитын ұстаздар әйелге шаң жуытпай отыр.

    Ләйлә Берікболқызы, №19 орта мектеп директорының орынбасары:

    — Ол кісі 50 жаста өзі. Жиырма жылдан артық ең өтілі бар. Бұндай оқиға ол кісіде болған емес. Өзі ылғи да кіші топпен жұмыс жасаған тәрбиеші.

    Десе де, балаларды терезеге шығарған тәжірибелі тәрбиеші жауапкершіліктен құтыла алмайды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    Серік Үпиев, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

    — Тергеудің жан-жақтылығы және толыққандылығы қамтамасыз етілетін болады. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды.

    Екінші қабаттан құлаған қыздың әкесі де, анасы да осы мектепте мұғалім екенін айта кетейік. Ал екі жасар қыздың комаға түскеніне қарамастан тәрбиеші жұмыстан шығарылмаған. Әріптестерінің айтуынша, әдеттегідей жұмысын жалғастырған.

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Ақүйден Ақордаға жеткен хат

    19.03.2026

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.