Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әлеуметтік және тұрғын үй нысандары жылыту маусымына қаншалықты дайын?

    Әлеуметтік және тұрғын үй нысандары жылыту маусымына қаншалықты дайын?

    Өңір тынысы 26.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің жылуэнергокешенінің, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың алдағы жылыту маусымына әзірлігі талқыланды.

    Энергетика және ТҮКШ басқармасының төрағасы Құдайберген Қорғанбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта 65,5 пайыз нысан дайын. Автономды қазандықтардың жалпы әзірлігі 71,1 процент, жылуы жүйелері – 92, сумен қамту желілері – 82,8 процент деңгейінде. Тараз, Жанатас, Қаратау мен Шудағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.

    Биыл энергетикалық кешендермен жылу маусымына әзірлік мақсатына 3,3 млрд теңге бөлінген. Оның 2,7 млрд теңгесі немесе 84 проценті игерілді.

    Таразда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,6 шақырым жылу желілерінде жаңғырту мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртуды қажет ететін жылу желілерінің 16,6 шақырымы алмастырылатын болады.

    783 білім беру нысанының 647-сі (82,6 процент), 389 денсаулық сақтау нысанның 291-і (74,8 процент), 494 мәдениет нысанының 271-і (54,8 процент) жылу маусымына дайын.

    Басқарма мамандары білім беру нысандарының жылу маусымына әзірлігін тексере келе бірқатар кемшіліктерді анықтады. Байзақ ауданында белгіленген кестеден 10 білім беру нысанындағы жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр, Т. Рысқұлов ауданында – 8, Қордай мен Талас аудандарында – 3 нысанда ұқсас жағдай. Мерзімнен кешігудің себебі құбырлардың кеш келуімен байланысты дейді аудандардың әкімдері. Бердібек Сапарбаев:

    — Бес күннен кейін оқу маусымы басталады. Балалар сабаққа қалай барады? Қазан айына дейін барлық жұмыстарды аяқтап үлгеру керек. Ұят емес пе, бір емес, бірнеше мектеп пен колледждер оқу маусымына дайын емес! – деп ашуланды.

    Өңір басшысының жылыту маусымына әзірлікке де көңілі толмады. Жұмыстардың негізсіз созбалаңға түскенін атап өткен облыс әкімі аудан басшыларын жауапкершілік танытуға шақырды.

    — Мерзімнен өте қатты кешігіп жатырсыздар. Жылыту маусымының басталуына бір жарым ай қалды. Білім беру мекемелерінде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жедел түрде аяқтаңыздар! Карантиндік тәртіпті сылтаурату болмасын! – деп талап қойды облыс әкімі.

    Қ. Қорғанбаевтың мәліметінше, қазір көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу маусымына әзірлігі 55,8 процентті құраған, яғни 1 554 үйдің 867-сі дайын.

    Биыл облыс орталығындағы 80 көппәтерлі үйді қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек, 24 үйде күрделі жөндеу жүргізуге қосымша 1,1 млрд теңге қарастырылған.

    Бердібек Сапарбаев атап өткендей, жұмыс атүсті атқарылмауы керек. Дайындық паспорты тек қағаз күйінде емес, іс жүзіндегі әзірлікпен айшықталуы қажет.

    Құдайберген Қорғанбаев келтірген мәліметке сай, үш айда тұрғындар жылу қызметі үшін 337,1 млн теңге қарызға батқан. Оның ішінде «Таразэнергоорталығы» алдындағы берешек 328 млн теңге болса, «Жаңатас су-жылу» мекемесі – 4,3 млн, «Шу Жылу» мекемесі 4,8 млн теңгесін алмапты.

    Тұтынушылардың «ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС-нің алдындағы электр энергиясы үшін қарызы 518,1 млн теңгені құрайды. Тұрғындардың үш айдан аса уақыт ішіндегі энергетикалық кешендер алдындағы борышы 37,3 млн теңгеге жеткен.

    Қ.Қорғанбаевтың айтуынша, облыстың бюджеттік ұйымдарының көмірге қажеттілігі 67,2 мың тоннаны құрайды, алайда оның әзірге тек 17,9 мың тоннасы ғана жеткізілген. Бүгінгі күнге дейін Талас және Т.Рысқұлов аудандары бұл іске әлі кіріскпеген. Аудан әкімдері аймақ басшысын көмірмен қамтамасыз етуде ешқандай мәселелер жоқтығына сендіруге тырысты. Көмір алдын-ала сатып алынбайды, өйткені ол сапасын жоғалтып, ыдырайды, өздігінен жану қаупі бар. Барлығы тамыз айында жағдайды түзетуге уәде берді.

    Басқарма басшысы білім беру нысандары 1 қыркүйекке дейін, ал қалғандары 1 қазанға дейін толықтай көмірмен қамтамасыз етілуі тиістігін атап өтті.

    — Тұрғындар үшін қатты отынның бағасы қатаң бақылауда болуы керек. Біз көмірді шахталардан түпкілікті тұтынушыға дейін тасымалдаудың нақты құнын білуіміз керек. Мұнда бағаның өсуіне жол берілмеуі қажет, — деп ескертті Бердібек Сапарбаев.

    Бүгінгі күні газдандырылған елді мекендерде орналасқан облыстың 156 әлеуметтік нысандары көмірмен жылытылуда, өйткені аудан әкімдері бұл нысандарды газдандыру бойынша тиісті ұйымдастыру шараларын уақтылы қабылдамаған. Облыс әкімі жауапты басқармаларға әлеуметтік нысандарды газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дереу әзірлеуді тапсырды. Өңір басшысы, ең алдымен, жылыту үшін көмірді пайдаланатын мектептердегі жылу жүйелерін қайта құру қажеттігін атап өтті.

    — Барлық мектептерді газбен жылытуға көшіру керек. Мектептерді көгілдір отынға көшіру отынды жеткізу мен күлді шығару шығындарын азайтады, — деді Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне.

    — Жылыту маусымына қарай тіршілікті қамтамасыз етудің барлық құралдары, қазандықтар мен әлеуметтік нысандар уақтылы дайын болуы керек. Әлеуметтік нысандар мен тұрғындар 100 пайыз көмірмен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл кезең кедергісіз өтуі қажет, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ, жиында өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Самат Қосалиев «Бизнес-мектебі», «Аға сеньорлар» және «Бастау Бизнес» жобаларының қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы баяндады.

    — Жалпы, 2017 — 2019 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы аясында 7 670 адам оқытудан өтіп, 9,2 млрд.теңгеге 4 926 жоба жүзеге асырылған. Оны жүзеге асыру барысында салық түсімдері 43 млн. теңгені құрап, 14707 жұмыс орны құрылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2779 қатысушысы қаржыландырылды, — деді С.Қосалиев.

    Бүгінгі таңда жобалық кеңсе құны 70,5 млрд теңге болатын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 182 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Сонымен бірге, С.Косалиевтің айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асырудың бекітілген жоспарына сәйкес, облыста қолданыстағы жобалардан басқа, жалпы сомасы 55 млрд. теңгеге 516 жоба жүзеге асырылуы тиіс, бірақ іс жүзінде олардың 182-сі жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Байзақ ауданында жоспарланған 47 жобаның 26-сы, Жамбыл ауданында — 45-тің 26-сы, Жуалыда — 44-тің 24-ті, Қордайда — 22-нің сегізі, Меркіде — 58-дің 15-і, Мойынқұмда-24-тің 10-ы, Т.Рысқұловта — 49-дың 17-сі, Сарысуда — 36-ның үшеуі, Таласта — 42-нің 27-сі, Шуда — 39-дың 11-і, Таразда — 110-ның 17-сі ғана жүзеге асырылуда.

    «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 5,3 млрд. теңге бөлінген. Әзірге 3346 жобаны іске асыруға 1,8 миллиард теңге жұмсалыпты.

    Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдардан агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту құнын арттыру мәселесін бірнеше рет қарастыруды сұрағанымен, ол әлі күнге шешімін таппаған.

    Облыс әкімі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының жетекшісі Самат Қосалиев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалының директоры Бақытжан Исақовқа «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударуды және ағымдағы жылы аймақтағы отандық өндірістің үлесін  64 пайызға, ал таяу жылдары 90 пайызға дейін арттыру үшін арттыру үшін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. 

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.