Close Menu
    Оқылып жатыр

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

      16/11/2026

      Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

      16/11/2026

      Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

      16/11/2026

      Балаларға арналған жаңа шектеу: Закиева жаңа заң жобасын таныстырды

      16/11/2026

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының балықшыларына субсидия берілмек

    Жамбыл облысының балықшыларына субсидия берілмек

    Өңір тынысы 24/10/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы балық шаруашылығын дамытуды мейлінше қолға алған. Қазіргі таңда облыс аумағында 121 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны болса, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіптен нәсіп табам деген 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 38 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос көрінеді.

    Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Руслан Балтаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың тамызында резервтік қордағы 13 балық шаруашылығына су айдындарын бекітіп беру конкурсы өткізілген. Конкурсқа 18 кәсіпкерден 20 конкурстық өтінім түсіп, нәтижесінде 5 кәсіпкерге 5 балық шаруашылығы су айдындары бекітіліп берілген. Алдағы уақытта қалған су айдындарына конкурс жарияланады. Жалпы өңіріміздегі балық шаруашылығы су айдындарына осы жылдың 15 ақпанынан бастап, 1 шілдесіне дейін балық аулау лимиті 673,3 тоннаны құраған. Бүгінгі күнге 666 тонна балық ауланыпты. Нәтижесінде табиғат пайдаланушылардан жергілікті бюджетке 11 млн 943 мың теңге түскен. Ал ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарына балық аулау лимиті 1150,7 тоннаны құрап отыр.

    Облыстағы балық шаруашығын дамытуда су айдындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз етуде кедергілер бар көрінеді.

    «Басқарма облыстағы барлық су айдындарын сумен қамтамасыз етілуін зерделеп шықты. Нәтижесінде, 121 су айдынның тек 17-де ғана су деңгейі тұрақты екендігі анықталып отыр. Біз облысымыздағы балық шаруашылығы су айдындарын сумен тұрақты қамтамасыз етпесек, келешекте балық шаруашылығын дамыту қиынға соғады. Оның үстіне, табиғи су қоймаларында өсірілген балық аулау квотасын көтеру де қиындық туғызады» — деді маман.

    Сондықтан Басқарма жеке тоғанда интенсивті балық өсіру шаруашылығын дамыту тәжірибесін қолға алған. Бұл әдістің ерекшелігі сол Кәсіпкер өзінің жеріне тоған салып, балық өсіреді. Жем, шабақ, аналық балық сатып алу, құрал-жабдық сатып алу мемлекет тарапынан субсидияланады. Тоғанды алып қою қаупі болмайды.

    «Жамбыл ауданында Жасөркен ауылының маңайында жеке кәсіпкер Сауранбаев Р. өзінің жеке меншік жеріне тоған салып, жылына 30 тоннаға дейін балық өндіріп отыр. Оның үстіне, тоған жағалауына демалатын орын салып, қызмет көрсетуде» — дейді Руслан Балтаев.

    Сонымен қатар, өңірімізде тауарлы балық өсіру кәсібін өрістету жолға қойылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңіріміздегі өзендердің жағасынан балық шаруашылығын жүргізуге қолайлы жерлерді анықтау мақсатында арнайы топ құрылған. Жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары арқылы өткен Шу өзенінің арнасын және Жамбыл мен Байзақ аудандары арқылы өткен Талас өзенінің арнасынан тоған жасауға жарамды 24 жер учаскелерін анықтаған. Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарындағы Шу өзенінің бойында барлығы 119 гектарды құрайтын 13 учаске анықталып отыр. Мамандардың айтуынша, осы учаскелерде балық өсіру тоғаны жасалса 238 тонна тауарлы балық өсіруге мүмкін болмақ. Ал Жамбыл және Байзақ аудандарындағы Талас өзенінің бойынан 16,6 гектар аумақты құрайтын 11 учаске алынып, ол жерде 24,8 тоннаны құрайтын тауарлы балық өсіруге болатындығын алға тартуда.

    Сондай ақ, тау бөктерлеріндегі салқын суларда форель шаруашылығын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар басталған. Форель балығын өсіруге қолайлы өзендерді анықтайтын және резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарға облыстық бюджеттен 29,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні конкурс жеңімпазы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-і танылған. Бұл орталық Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының тау бөктерлеріндегі 22 тау өзендеріне және 36 балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

    Су айдындарында балық санын көбейту үшін бірінші балықтандыру жұмыстарын жүйелі жалғастыру керектігі анық. Бұл бағытта күзгі балықтандыру қарқынды іске асуда. Әрбір балық шаруашылығы су айдынындағы балықтандыру жұмысы Басқарманың және Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен құрылған балықтандыру жұмыстары комиссияның кесімі арқылы қабылдануда. Бұл шабақтардың басым көпшілігі шабақ өсіретін негізгі тәлімбақ — «Сандель» шаруа қожалығынан алынуда. Бұл тәлімбақ 10 млн шабақ өсіруге қауқарлы.

    балық шаруашылығы Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026

    Балаларға арналған жаңа шектеу: Закиева жаңа заң жобасын таныстырды

    16/11/2026

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.