Close Menu
    Оқылып жатыр

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 8 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025

      Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

      06.11.2025

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ел болашағы – білімді ұрпақ

    Ел болашағы – білімді ұрпақ

    Ел іші 28.02.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

    Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі. Ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды.

    Осыған дейін бастауыш сыныптары онлайн әрі офлайн режимінде аралас оқып келді. Бастапқыда онлайн білім беруге күмәнмен қарағанымыз рас, алайда ұстаздар мен оқушылар және ата-аналары да бүгінде оғанда үйреніп, қыр-сырын меңгеріп, олқылықтары жөнделгендей. Таяуда Алматы қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп гимназиясында өткен онлайн тәрбие сағаты соған жақсы мысал ретінде айта аламыз.

    Мақсаты: Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру; Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту; Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

    Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, сұрақ –жауап, ой қозғау.
    Сабақтың көрнекілігі: слайд, даналық сөздер.

    Білімді бала-белсенді болу, өз пікірін еркін айта білу, өзіне сенімді болу, өзгенің пікірін тыңдау, бір бірін құрметтеу керек.

    Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.

    «Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш — қайратқа ие боласың.

    21-ғасырдың балалары қандай болуы керек?

    • — Окушымен жеке жұмыс.
    • — Бала өз бойындағы іскерлік қабілетін аша білу керек
    • — Шығармашыл болуы керек
    • — Жаңашыл

    Білімді бала қандай болуы керек?

    Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін — әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді.  Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген сайын, өзіне — өзі риза болады, көңілге тоқ келеді. Білім де талпынсаң қонады. Ал тереңге бойлау үшін талап керек. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», — деген Әл –Фараби бабамыз.

    Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт — білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім — кітапта» немесе «Мұхит басы — бұлақ, білім басы — кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ.

    Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек.

    Қорытынды: Біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған  елдердің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де саналы ұрпақ өсуі қажет. Сол ұрпақ — біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.

    Садыкова Жанат Асанқызы, ҚР Білім беру ісінің үздігі.

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.